Біздің Қостанай Социум

№16 сайлау учаскесіде басқа участкілерден қалып жатқан жоқ

Қостанай педагогикалық институтында орналасқан №16 сайлау учаскесінде облыстық 5 депутат, қалалық 4 депутатқа дауыс беріліп жатыр.

– Біздің учаскеге 1709 адам бекітілген. Таңертеңгі сағаттарда үлкен белсенділік болды және түстен кейін көптеген студенттер келді, – дейді №16 сайлау учаскесінің төрағасы Қарлығаш Баймағамбетова.

Жасырын дауыс беру кабинасына барар алдында дауыс берушілер бес бюллетень алды. Олардың саны – бүгінгі сайлаудың ерекшелігі айтсақ болады . Облыстық мәслихат депутаты үшін дауыс беруге арналған екі бюллетень, қалалық мәслихатта халық қалаулысы үшін де екеу.

Болашақ мәжілісменді таңдау үшін бір бюллетень.

– Мен сайлауға әрқашан қатысуға тырысамын. Тек қалалар ғана емес, ауылдар да дамығанын қалаймын. Оған қоса жастар үшін жұмыс орындары қажет. Менің ойымша басты мәселелерді бірінші болып қарастыратын осы депутаттар. Сондықтан әрбір адамның дауысы маңызды деп ойлаймын, – дейді Қостанай өңірлік университетінің студенті Нұрсұлу Алмат.

Айта кету керек, бірнеше онжылдық ішінде бірінші рет төменгі палата аралас жүйе бойынша сайланады. Егер бұрын ол тек партиялық тізімдер бойынша құрылған болса, қазір орындардың 30% – ы бір мандатқа беріледі. Облыс мәслихаттарына барлық депутаттардың 50 пайызы көпшілік жүйе бойынша, 50 пайызы партиялық тізімдер бойынша сайланады.

Аудандар мен қалалардың мәслихаттарына сайлау толығымен мажоритарлық жүйе бойынша өтеді.

Аяжан СЕРІК

Фотоны түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77