Новости Образование

№24 мектеп-гимназиясында «Махаббат пен шығармашылық» деп аталатын онкүндігі салтанатты түрде ашылды

Оның мақсаты оқушылардың бойына ізгі қасиеттерді қалыптастыру

Қостанай қаласындағы №24 мектеп-гимназиясында өзін-өзі тану пәнінен «Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты онкүндігі салтанатты түрде ашылды.
Онкүндіктің өткізілу мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына адами құндылықтарды сіңіре отырып, рухани- адамгершілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар «Өзі-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Назарбаеваның еңбегі, қызметі туралы ақпарат беру.

Онкүндіктің ашылу салтанатында алғашқы сөз аталмыш мектеп директоры Данагүл Сюндиковаға берілді. Ол өз сөзінде балаларды адамгершілікке және сүйіспеншілікке, қайырымды, мейірімді болуға шақырды.
Білім ордасында осы онкүндіктің өтілуіне арнайы алдын ала жоспар құрылған болатын. Бүгін балаларды ізгілікке бастайтын әр түрлі іс-шаралар жоспарланған онкүндіктің екінші күні.

Осы іс-шара аясында «Мейірім төгетін ана» тақырыбында кітап көрмесі, «Әлемге күлкіңді сыйла» фото көрмесі, «Қайырымдылық – асыл қасиет» тәрбие сағаты, «Сүйіспеншілікпен өмір сүру» сурет сайысы, «Сүйіспеншілік – өмір негізі» ашық сабақтар,салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Толағай» сайысы, «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайыстары және де басқа іс-шаралар алдағы уақытта өткізілетін болады.
Осынау білім орнының өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Айна Саекееваның айтуына қарағанда, 1-4 сынып оқушыларына адамгершілік пен мейірімділік, сүйіспеншілік пен достық туралы жан-жақты түсініктер берілген. Шәкірттердің бойында ізгі қасиеттерді қалыптастыру мақсатында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н. Касенова, мектеп психологі Б. Ермағаметова, әлеуметтік педагог Г. Тукенова өзін-өзі тану пәнінің мұғалімдері атсалысуда.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77