Социум

2ГИС-та бірлескен сапарларды құру мүмкіндігі пайда болды

Жаздың келуімен адамдар саяхатқа жиі шыға бастайды — бірі қала сыртына демалуға барады, бірі тауға жаяу серуендеуді қалайды, ал енді бірі бұрын болмаған қалаларды аралауға асығады. Алайда ең ұйымшыл топтың өзі кейде қайда баратынын келісіп, ортақ шешім қабылдай алмай жатады.

Мысалы, Астанаға бірге барған кезде біреулер Бәйтеректің жанында суретке түсуді қалайды, басқалары жақын маңдағы кофеханада шай ішіп, тынығып алғысы келеді, ал қалғандары ұзақ жолдан кейін қонақүйге барып демалуды жөн көреді. Мұндай жағдайда бейтаныс қалада бір-біріңізден көз жазып қалмай, үнемі байланыста болудың жолы қандай?

2GIS қосымшасындағы жаңа функция пайдаланушыларға достарының картада нақты уақытта қай жерде жүргенін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Енді «Достар» бөлімінде бірлескен сапарлар құруға болады. Бұл — саяхат барысында қатысушылардың бір-бірін картаға белгілеу арқылы өзара орналасқан жерін нақты уақытта көруіне жол ашады. Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін 2GIS-те бір-біріңізді достар қатарына қосудың қажеті жоқ. 

Сапарды қалай құруға болады?

  1. 2GIS қосымшасындағы «Картадағы достар» бөлімін ашыңыз;
  2. «ГО! Сапарлар мен оқиғалар» батырмасын басыңыз;
  3. Сапарға атау ойлап табыңыз, мысалы: «6–10 тамыз Астанаға барамыз!»;
  4. Сипаттамасын толтырыңыз, сапардың ұзақтығын көрсетіңіз;
  5. Шақыру сілтемесін басқа қатысушыларға жіберіңіз.

Енді бейтаныс қалада адасып қалмау немесе үлкен компаниямен бірнеше көлікке бөлініп жүрсеңіз де байланыста болу әлдеқайда жеңіл. Картада әр қатысушының қай жерде жүргені және телефонының қуат деңгейі көрсетіледі. Жоспарды талқылау керек пе? Мұны сапарға арналған ортақ чатта оңай жүзеге асыруға болады.

Сапар аяқталғаннан кейін барлық деректер автоматты түрде өшіріледі — ештеңені қолмен жоюдың қажеті болмайды. Ал егер сапар қатысушыларының бірімен байланыста қалғыңыз келсе, оны «Картадағы достар» тізіміне оңай қосуға болады.

2GIS-тегі бірлескен сапарлар «Кім қайда?» деген шексіз сұрақтарға уақыт жоғалтпауға мүмкіндік беріп, достармен демалысты әлдеқайда ыңғайлы етеді.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77