Шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бүгінде мемлекеттік экономикалық саясаттың басым саласы болып табылады
Бизнес саласы субъектілерін салықтық әкімшілендіруді жетілдірудің негізгі перспективалары кәсіпкерлерді тарту бойынша жұмыс жүргізу, БАҚ арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету.
Мемлекеттік қызметтерді уақытылы көрсету, ақпарат, түсініктемелер беру, өтініштерді қарастыру. Бұл көрсеткіштердің барлығы салық төлеушілермен кері байланыс болып табылады.
– Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, салық міндеттемелерін уақытылы орындайтын, біздің іс-шараларымызға қатысатын, мемлекетіміздің өркендеуіне қатысатын адал салық төлеушілерге алғыс айтқым келеді. Жалпы салық төлеушілерге салықтық және кедендік әкімшілендіруді түсіндіру бойынша 165 іс-шара өткізілді. Сондай-ақ салық төлеушілерді хабардар ету әлеуметтік желілер арқылы мақалалар, тікелей эфирлер, баспа БАҚ-тағы мақалалар, республикалық және жергілікті арналарда теледидарда ақпарат түрінде жүзеге асырылады. Ашық есік күндері, брифингтер, флэшмобтар, дөңгелек үстелдер өткізіледі, – дейді Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Азамат Кожуков.
Бұл іс-шаралар салық төлеушілерге салық заңнамасының өзгерістері мен нормалары туралы ақпарат алу үшін жүргізіледі.
Қазіргі уақытта кәсіпкерлік сектор қоғамда маңызды орынға ие және қуатты экономикалық күш болып табылады.
Қазақстан бюджетіне түсетін салықтар мен төлемдерді уақытылы төлеу тұтастай алғанда елдің дамуына әсер етеді. Жергілікті салықтарды төлеу бюджетті толықтырудың бір бөлігі болғандықтан, бұл маңызды аспект.
Биыл жалпыға бірдей декларациялау жөніндегі науқанның үшінші кезеңі басталды. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап жеке декларацияны кәсіпкерлер ұсынуда. Барлығы 3 кезеңнің декларанттары Қостанай қаласы бойынша 35 536 адамды құрайды, оның ішінде 8 993 адам декларация тапсырды.
Сонымен қатар, осы жылдың басынан бастап салық жайында ақпарат беретін болсақ. Салық төлеушілердің барлық санаттарын әкімшілендіру нәтижесінде жалпы бұзушылық сомасы 14 406,1 млн. теңгеге 9891 хабарламалар / камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылды.
Жергілікті салықтар бойынша берешек 180,7 млн. теңгені, оның ішінде көлік құралдарына салынатын салық бойынша 166,2 млн. теңгені құрайды.
Жыл басынан бері барлығы 107 млн. теңге берешек өндірілді.
Бүгінгі таңда ТЖК-нің орындауында 83,8 млн. теңге сомасына ЖТ көлік құралдарына салынатын салық бойынша 1558 салық бұйрығы бар. Сондай-ақ, жыл басында борышкерлер бойынша мынадай іс-шаралар жүргізіліп, 8,5 млн теңге сомасына берешек өндірілді, 3 борышкер бойынша ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік материалдар жасалды, нәтижесінде 2 борышкер екі тәулікке қамалды, ал бір борышкер бойынша сот ауызша ескерту шығарды.
– «Сергек», «Автоураган» желісі бойынша жол полициясының қызметкерлері жалпы берешегі 2,4 млн.теңге болатын 18 автокөлік құралын тоқтатты, төлем сол жерде жүргізілді. 2024 жылдың 5 айында сотқа салық төлеушілерден 29 талап арыз келіп түсті, онда МКБ жауапкер болады. Белгілі бір мән-жайлар бойынша сот 7 талап арызды қараусыз қайтарып берді. Қараудың нәтижесі бойынша 22 өтініш, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша 11. Салық төлеушінің пайдасына 5 өтініш, – дейді Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
Бюджеттің атқарылуы, түсімдердің өсуі толығымен өз міндеттемелерін уақытылы орындайтын, салық есептілігінің нысандарын уақытылы ұсынатын, салықтар мен бюджетке аударымдарды уақтылы төлейтін салық төлеушілерге байланысты.
Бірақ салық нысандарын уақытылы ұсынбайтын, кірістерді жасыратын, бір сөзбен айтқанда, салық міндеттемелерін толық орындамайтын салық төлеушілер бар.
Мемлекеттік бюджетке түсімдерді бақылауды және кірістерді болжауды жүзеге асыру үшін Қостанай қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер ұсынған салық есептілігі нысандарын, сондай-ақ басқа да құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асырылатын камералдық бақылауды жүргізеді. Хронометраждық тексерулер, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз анықтау, бақылау кассалық аппараттарын, бекет терминалдарын қолданбау, жергілікті салықтарды уақтылы төлемеу, соттан тыс банкроттық бойынша жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар рейдтік іс-шаралар да өтеді.
Аяжан СЕРІК,
суретті түсірген
Лариса БОЖКО
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77