COVID-2019
в Казахстане



Вся информация здесь

105675

Выздоровевших

110542

Зарегистрированных случаев

3587

Зарегистрированных случаев в Костанайской области

1796

Летальных случаев

Новости Социум

50 шәкірт сауат ашу курсын аяқтады

Олар енді ел игілігі үшін қызмет ететін болады

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің сауат ашу курсы өз жұмысын аяқтап, 50 шәкірт тәлім алды.

Өткен жылдың 10 қазаны мен үстіміздегі жылдың 10 мамыры аралығында шәкірттерге «Фиқһ», «Құран», «Тәжуид» пәндерінен дәрістер жүргізіліп, тағылымы мол уағыз-насихаттар айтылды.

Онда шәкірттер білім алумен шектеліп ғана қойған жоқ. Олар мешітте өткізілген қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, жасы келген қарт кісілердің үй шаруаларына көмектесті.

Жоғарыда аталған мешіт ұстазы Арлан Бауыржанұлының айтуына қарағанда, биылғы оқу жылында 50 шәкірт тиянақты білім алды.

Енді олар алдағы уақытта ел игілігі үшін аянбай қызмет атқаратын болады. Оларға тек қана сәттілік тілейміз!

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77