События

Қостанайда облыстық мәслихат депутатын қосымша сайлау өтіп жатыр

Бүгін облыстық мәслихат депутатын сайлау бойынша қосымша сайлау өтіп жатыр. Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Таңертеңнен бастап сайлаушылардың белсенділігі байқалады. Мысалы, №61 сайлау учаскесінде 2462 адам тіркелген, олардың шамамен 200-ге жуығы дауыс беріп үлгерген.

– Негізінен үлкен жастағы адамдар келуде, таңертең аздап болса да келушілер болды, ал түске қарай халық көбірек келе бастайды, – дейді №61 сайлау учаскелік комиссиясының төрайымы Гүлнара Айсина.

Қала тұрғыны Николай Цымбал сайлауға қатысу – әр азаматтың борышы екенін айтады.

– Мен ешқашан дауыс беруді өткізіп алған емеспін. Бірақ, шынымды айтсам, бұл жолы үміткерлер туралы ақпарат болмады, олардың кім екенін білмеймін. Егер үміткерлер жайлы көбірек мәлімет болса, жақсы болар еді. Дегенмен, өз елімнің азаматы ретінде дауыс беру – менің парызым деп есептеймін, – дейді ол.

 

Сайлау учаскелерінде тұрғындарға барлық жағдай жасалған, комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеуде, санитарлық талаптар толық сақталған.

Айта кетейік, бұл сайлауда облыстық мәслихат депутаты мандатына үш үміткер қатысуда, бірі – «Аманат» партиясынан, ал қалған екеуі – өз кандидаттарын ұсынған қала тұрғындары.

Қалалықтар сайлауға қатысу – өз азаматтық жауапкершілігін білдірудің маңызды қадамы екенін атап өтуде.

Аяжан СЕРІК,
суреттерді түсірген Лариса БОЖКО


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77