Социум

Археологиялық маусым жаңалықтары

Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, реставрациялау және қорғау орталығының экспедициясы биыл өңірдің ежелгі тарихына қатысты бірнеше маңызды деректерді анықтады.

Биылғы археологиялық маусымның басты ерекшілігі – ежелгі кезеңдерге жататын іздердің нақты табылуы мен зерттелуі болды, бұл өңірдің көне тарихын зерттеуде жаңа белестерді ашты. Амангелді ауданы, Үштоғай ауылындағыСандықтау сызығы желісінен болжамды түрде неолит дәуіріндегі тас шикізатынан бірнеше археологиялық олжалар табылды, – деп жаңалығымен бөлісті философия ғылымдарының PhD докторы Рауан Байдалы.

Үштоғай маңындағы Талдысай-II тұрағындажүргізілген археологиялық қазба кезінде 200-ден астам артефакт анықталған. Олар негізінен өндіріс қалдықтарынан тұрады – жаңқа тастар, тас сынықтары.

Сондай-ақ археологиялық экспедиция тас дәуірінің жаңа ескерткіштерін іздестіру мақсатында Жангелдин ауданындағы Қызылоба геоглифінің айналасында барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде неолит дәуіріне жататын Әлімбайқарасу-I, Қызылоба-I ескерткіші және энеолит дәуіріне тән заттары бар Тоқалақтөбе-I тұрағы табылды.

Жітіқара ауданында орналасқан Тоқтаров-III қорғанында жүргізілген қазба барысында ескерткіштің бұған дейінгі барлау жұмыстары салдарынан зақымданғаны анықталды. Археологтар бұл жерден геологиялық жұмыстар кезінде қазылған траншеяны тіркеді. Айтуларынша,соның салдарынан жерлеу камерасы жойылу мүмкін.

Көктем мен күз айлары аралығында Сарыкөл ауданындағы Күнтимес ауылында көрнекті ғалым Шоқан Уәлихановтың әкесі Шыңғыс Уәлихановтың қыстауына алғашқы археологиялық зерттеу жүргізілді. Барлау жұмыстары барысындафарфордан жасалған ыдыстар, терезе әйнектерініңжәне шойын қазанның сынықтары, сандық құлыптары, пышақ жүзі, парфюмерлік шыны құтысы және жезден жасалған сақиналар табылды.

Бұл заттар тұрғын үйдің ауқатты адамдарға тиесілі болғандығына негіз бола алады. Сонымен қатар көптеген заттардың өрттен зардап шеккені байқалады, – дейді Рауан Байдалы. – Экспедиция қорытындысы бойынша Тоқтаров-III қорғанынҚостанай облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару ұсынылды.

Экспедиция мүшелерінің айтуынша, биылғы археологиялық жұмыстар өңірдің тарихи келбетін жаңа қырынан тануға жол ашты. Биылғы маусым зерттеу жұмыстарының нәтижелілігін арттырды, ал ғылыми зерттеулер алдағы уақытта да жалғаса бермек.

Назгүл Шабдарова

Суреттерді ұсынған Мәдениет басқармасы


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77