Қостанайда ене мен келін арасындағы жанжал қылмыстық іспен аяқталды

Бірнеше күннен бері әлеуметтік желіні шулатып жатқан жанжалды бейнетүсірілім облыс орталығында белең алған

ТикТок-ғы парақшасы арқылы жылап тілшілерден және жұртшылықтан көмек сұраған әйелдің бірнеше бейнежазбасына алаңдаған оқырмандар құқық қорғау мекемелеріне хабарласуға жарыса кеңес беріп жатыр.

Полиция бөлімшесіне жоғарыдағы дау туралы хабарлама 22 тамызда келіп түскен. Құзырлы органның хабарлауынша, 57 жастағы ене мен 24 жастағы жас келіннің арасындағы ұрыс үлкен жанжалға ұласқан.

Оқиға орнына жедел жеткен учаскелік полиция қызметкері анықтағандай, келін отырған үйдің терезесін үй иесінің қызы сындырған. Дене жарақаты фактісі бойынша екі әйелдің үстінен де қылмыстық іс қозғалған. Енді оқиғаға қатысы барлардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілмек.

Әзірге, тергеу амалдары жүргізілуде және екі әйелге бір-бірімен байланысуға тыйым салатын қорғаныс ережелері шығарылды.

Ұлту ЖҮЗБАЙ, фото бейнетүсірілімнен скрин   

 

РЕКЛАМА

НАШИ ПРОЕКТЫ

Edit Template

ТОО «Газета «Наш Костанай»

Копирование и перепечатка материалов ограничена. С условиями использования материалов сайта «Наш Костанай» можно ознакомиться по ссылке.




контакты

Адрес редакции:
110000 г. Костанай,

пр. Аль-Фараби, 90

Телефон/факс 
8 (7142) 54-27-53.
Email: gazeta@top-news.kz

Яндекс.Метрика




партнеры

tobolinfo-logo-new-1
log3
qm_01

Газета «Наш Костанай» © 1990 – 2026.