Экономика

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» жүзеге асырылады

Осы мақсатта 53,7 млрд теңге қарастырылған

Қостанай облысы әкімінің жанындағы кеңес барысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселесі талқыланды, облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бөлімінің бастығы Гүлнар Әбенова баяндама жасады.

Ол өз баяндамасында атап өткендей, Жол картасы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыз азаматтар санының өсуіне жол бермеу, қосымша жұмыс орындарын құру, азаматтарды кірістермен қамтамасыз ету және елді мекендердің инфрақұрылымын дамыту арқылы қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға бағытталған.

– Әлеуметтік және мәдени нысандарды жөндеу, салу, қайта құру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, елді мекендерді абаттандыру бойынша жобаларды іске асыру қарастырылған, – деді Гүлнар Әбенова.

Ағымдағы жылы облыстың Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жобаларды іске асыруға 53,7 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде 15,0 млрд теңге – мақсатты ағымдағы трансферттер есебінен, 38,8 млрд теңге – жергілікті атқарушы органдардың облигациялары арқылы болмақ.

Сондай-ақ, Гүлнар Әбенованың айтуынша, жұмыспен қамту орталықтары инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға жіберген адамдардың орташа жалақысы ең төменгі жалақы мөлшерінің кемінде 2 мың немесе 85 000 теңге деңгейінде белгіленге.

– Қазіргі уақытта облыста 275 инфрақұрылымдық жобалардың тізімі құрылды. Жобаларды іріктеу кезінде ірі кәсіпорындардың қызметкерлерін босату қаупі бар моноқалалар мен облыс орталығына басымдық берілді, – деді ол.

Жобаларды іске асыру 13 435 жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, оның ішінде 6718-і жұмыспен қамту орталығының бағдары бойынша жұмысқа орналастырылады.

Жұмыс орындарын құру және жұмыссыздарды халықты жұмыспен қамту орталықтары бағытында жұмысқа орналастыру мониторингін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Жұмыс орындарын құрудың біріктірілген картасы» ААЖ арқылы қамтамасыз етеді.

Ол сонымен қатар Қостанай облысында жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспары 31 мың адамға дейін көбейтілетінін айтты.

– Бұған дейін облыста 2020 жылы 22,5 мың адамды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шараларының жоспары құрылды. Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын ұйымдастыруға және жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін гранттар беруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлуді ескере отырып, жұмыспен қамту шараларының жоспары 31 мың адамға дейін артады, – деді Гүлнар Әбенова.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77