Оның ішінде 8 жағдай 14 жасқа дейінгі балалар арасында анықталған. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 28 жағдайға артқан.
Кене шаққан тұрғындардың басым бөлігі медициналық көмекке Қостанай және Рудный қалаларында, сондай-ақ Қарабалық ауданында тіркелген.
– Өңірде кене энцефалиті бойынша эндемиялық аймаққа жатпайды, сондықтан иммуноглобулинмен серопрофилактика жүргізілмейді. Қазіргі уақытта кене шағуы арқылы жұғатын қауіпті инфекциялық аурулар тіркелген жоқ. Дегенмен, көктем-жаз мезгілінде табиғат аясында демалыс көбейетіндіктен, сақтық шараларын ұмытпау маңызды. Мамандардың айтуынша, кене шағуының алдын алу үшін орманды және шөпті жерлерге шыққанда жабық киім кию, шалбардың балағын шұлықтың ішіне салып, денені барынша жабу, табиғаттан оралған соң денені мұқият тексеру қажет, – дейді олыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
Кене анықталған жағдайда, оны өз бетімен алуға болмайды. Дұрыс алынбаған кене теріде қалып, қабыну немесе инфекция қаупін арттыруы мүмкін. Сондықтан мүмкіндігінше тез арада медициналық ұйымға жүгініп, білікті маманға қаралған жөн.
Ая Әбділда
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77
