Біздің Қостанай

Ұлы жеңіске 75-жыл

Қостанай қалалық әскери бөлімі Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтады

Қостанай қалалық 6697 әскри бөлімінің қызметкерлері Жеңістің 75-жыл-дығы қарсаңында ардагерлердің үйіне барып мерекелік шара ұйымдастырды.

Олар еліміздегі ахуалға орай көлемді шара өткере алмағандықтан, жеке барып құттықтауды жөн санаған.

– Біздің әскери бөлім Жеңістің 75-жылдығына орай акция ұйымдастырып, ардагерлердің үйіне барудамыз. Ондағы мақсат – мерекемен құттықтау және шара басырсында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бас қолбасшысының атынан Алғыс хат тапсыру. Сондай-ақ, әскери бөлімнің оркестрінің шағын концерттік бағдарламасын ұсынып отырмыз, – деді 6697 әскери бөлімнің командирі Медет Есембаев.

Ардагерлер тұратын төрт аулада әскерилерден құралған оркестрдің концерті өтті. Оны тамашалауға көршілері де жиналды. Кей үлкен кісілер «Жеңіс күні» әуені шырқалғанда көздеріне жас алды.

Қасымхан Алдабергенов 1925 жылы туған, Ұлы Отан соғысының қатысушысы. 1943 жылы әскерге алынып, сол жақтан соғысқа аттанып, 1950 жылы оралған. Жігіттік шағының 7 жылын соғыста болып, кейін оқу-жаттығу дайындықтарында өткерген. Кеңес Армиясы әуе-десант әскерін 1943 жылы құрған еді. Қасымхан Алдабергенов сол жасақтың құрамында болатын.

– Кеңес әскерінің, неміс фашистеріне қарсы 4 жылдық күресте жеңіске жеткенімізге биыл 75 жыл толып отыр. Мен, Венгрияны, Австрияны, Чехоловакияны, үш мемлекетті азат ету ұрысына қатыстым. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ, сол себепті бұл күнді Ұлы күн деуге әбден болады. Айтулы мерекеммен құттықтап жатқандары үшін, Ұлттық ұлын ұжымына алғыс айтамын. Баршасына алғыс білдіремін. Менің жасымды берсін деп тілеймін. Бейбітшілік мәңгі болсын!, – деді Ұлы Отан соғысының ардагері Қасымхан Алдабергенов.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77