Образование

Кітап құмар оқырмандар көптен күткен күн

Н.Остроавский кітапханасының жұмысы қайта жанданды

Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып санитарлық талаптарды күшейтумен бірнеше объектілердің жұмысына рұқсат етілді. Соның ішінде кітапханалар да бар. Қалалық кітапхананың төтенше жағдайдан кейінгі тыныс-тіршілігін бағамдап қайттық.

– 16-наурыздан карантинге жабылдық. Біз сонда да жұмысымызды тоқтатпадық. Онлайн режимде әлеуметтік желілерден бірнеше іс-шараларды өткіздік. Ауқымды деп «Өмірге қандай көңілмен қарасаң сондай жауап аласын» атты «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Рүстем Ерғалимен өткізілген әңгіме-диалогты айта аламыз. Ағымдағы жылдық жоспарларымыздың барлығы орындалды. Өкініштісі кітапханамызда оқырмандарымызды қабылдай алмадық. Осы аралықта көптеген келушілеріміз хабарласып, кітапхана жұмысының қашан басталатынын сұрады сұрады, – деп атап өтті кітапхана басшысы Айгуль Едресовна.

Алғашқы күннің өзінде бірнеше оқырмандар келіп кітаптарын тапсырып, басқа кітаптар алып кетіп жатыр. Қазіргі таңда кітапхана санитарлық нормаларға сай жұмыс жасауда. Мекемеге міндетті түрде бетпердемен кіріп, кіре берісте қолдарын залалсыздандырып кіруі тиіс. Қызметкерлер де, сәйкесінше бетпердемен және қолғаппен қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, 20-30 минут сайын тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады. Айта кетейік, толық ұжым жұпмысқа кіріскен.

– Карантиндегі жұмыс ешқандай қиындық тудырып жатқан жоқ. Оқырмандар да өз тараптарынан түсіністік танытып белгілі қашықтықты сақтап отырады. Алдағы уақытта адам көп болған жағдайда кітапханаға келушілер кезекпен кіргізілетін болады. Әрі қарай көптеген іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірақ, карантин режимі толық алынбайынша, қызмет онлайн жалғасады, – деді Айгуль Едресовна.

Көбіне студенттер, мемлекеттік қызметкерлер, зейнеткерлер келіп, үйге оқуға көркем әдебиет алса, кейбірі оқу залында отырып, газет-журнал ақтарады. Кітапхана қызметкері Ботагөз Әділбекқызы оқырмандар кітапты сағынып қалғандығын жеткізді.

Аяулым ЖАҢБЫРШЫҚЫЗЫ
Суретті түсірген автор


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77