Погода

Күннің ыстығында үйден шықпаған абзал

Өңірімізде ауа температурасы күндіз 35 градусқа дейін жетеді

Биыл жаздың алғашқы айы ерекше ыстық күндерімен есімізде қалатындай. Маусым басталғалы бері күн ысып, суға шомылу кезеңі де ерте ашылған болатын.

Осы ретте Қостанай облысы төтенше жағдайлар қызыметінің баспасөзінің хабарлауынша, 11-12 маусым аралығында күннің темпуратурасы жоғарылап, күндіз 35 градусқа дейін жетеді.

Күннің ысып кетуі қан қысымы жоғары адамдар үшін өте қауіпті. Сондықтан ұялы телефондарыңызға келіп түсіп жатқан хабарламаларға дер кезінде мән беріп, күннің ыстығында далада көп жүрмегендеріңіз абзал.

Сонымен қатар жазғы демалыста күн ұзақ далада ойнап жүретін балаларды да ыстыққа ұрындырмай үйде қалуын қадағалаған жөн.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77