Ы.Алтынсарин музейінде тағылымды шара өтті
31 мамыр-Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне Ы.Алтынсарин мемориалдық музейі шаңырағында іс-шара ұйымдастырылды.
Басқосу барысында, ақын-жазушылар Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхметов үш бәйтерек деп атап кеткен, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылар Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Сейфуллин сынды тұлғалардың өмірі мен қызметіне тереңнен тоқталды.
Сонымен қатар жиналғандарға музей қызметкерлері Б.Майлиннің «Шұғаның белгісі», «Мырқымбай», «Раушан коммунист» әңгімелерін, І.Жансүгіровтің «Құлагер» және «Күйші» поэмалары туралы, С.Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасының мазмұндарын баяндап берді.
Шарада көпшілік экран арқылы Қ.Байбосыновтың орындауында С.Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін тындады.
Сондай-ақ Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПИ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Рауан Байдалы Т.Рысқұлов пен С.Қожанов туралы тарихи деректерді мысалға келтіре отырып, мәнді де мағыналы пікірін ортаға салды.
Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПИ мен Қостанай гуманитарлық колледж студенттері іс-шараға қатысып өздеріне көп мағұлмат алды.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77