Кезекші топ оқушылары сынып сағаттарына қатысты
Биылғыоқу жылы жылдағы дәстүрден өзгеше өтті. Елдегі жағдайға орай, 1 – қыркүйекте мектеп алаңында салтанатты жиын болған жоқ. Тек кезекші топ оқушылары ғана келіпсынып сағаттарына қатысты. Бірінші сыныпқа қабылданған бүлдіршіндердің ата-аналары балаларын мектеп сыртында тосып тұрды.
М.Хакімжанов атындағы №20 орта мектепте жаңа талапқа сай 1-4 сынып аралығыда 10 кезекші топ құрылған.
– Оқу жылыминистрліктен бекітілген жаңа талапқа сәйкес біздің мектепте 1-4 сынып аралығында 10 кезекші топ құрылды. Онда 133 білім алушы оқытылатын болады. Кезекші топтарға «Білімді ұрпақ, жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Дәстүрлі түрде өтетін салтанатты жиын болған жоқ, – деді аталмыш мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Жанаргүль Ещанова.
Ал, қалған қашықтан оқытылатын оқушылар үшін мектеп тарапынан барлық жағдай жасалған. Көп балалы отбасынын және әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары компьютермен қамтамасыз етілген. Олардың қашықтан оқуға барлық мүкіншіліктері бар.
– Биылғы оқу жылында 1 сыныпқа 59 бала қабылданған болатын. Оның 30-ы кезекші сыныпта оқыса, қалған оқушылар қашықтан білім алатын болады. Бізде қазір 3 сынып жұмыс істеуде. Балалардың барлығы топ-топқа талап бойынша бөлінген. Әр топта 10-12 баладан оқытылады. Ал, қашықтан оқытылатын балалар үшін барлық мүмкіңндік жасалды, – дейді бастауыш сынып мұғалімі Гүлбану Айгужина.
Оқушыларға сынып сағаты барысында Ата Заңнын 25 жылдығы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы, әл-Фарабидің 1150 жылдығы жөнінде мағлұматтар берілді.
Айта кету керек, өзге сынып оқушылары қашықтан «іMektep» платформасымен білім алатын болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Нұржан СМАЙЛОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77