Социум

Эпидемиологиялық жағдай күрт нашарласа блок-бекеттер қайта қойылуы мүмкін

Архимед Мұхамбетов жедел штаб отырысында карантин талаптарының сақталмай жүргендігін баса айтты

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың қатысуымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб отырысы өтті.

Сонымен қатар, жиында мемлекеттік және мүдделі органдар қабылданған шаралардың тиімділігі жөніндегі мәселелер қаралды.

– Халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз етудің ерекше рөлін ескере отырып, күн сайын дәріханаларды дәрілік препараттармен қамтамасыз ету мониторингі, сондай-ақ оларға шекті бөлшек сауда бағаларын сақтау жүргізіледі. Дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында «тұрақтандыру қоры» құрылды, дистрибьюторлармен белсенді жұмыс жүргізілуде, фармацевтикалық ұйымдарға 300 млн теңгеге қайтарымды қаржылық көмек ұсынылды, – деді өңір басшысы Архимед Мұхамбетов.

Қазіргі таңда өңірге бактерияға қарсы препараттардың 185 мың құтысы, 14 мың шрпиц және 18 мың флакон, 186 мың ампула және екі айлық дәрі-дәрмектер жеткізілген. Сондай-ақ, індеттің «екінші толқыны» туындаған жағдайда жеке қорғаныс құралдарымен қамтылған.

Облыста бір реттік медициналық бетперде өндіретін «Вадиса М» ЖШС жұмысын бастады. Өндірістің қуаттылығы айына 5 млн бетперде өңдіруге қауқарлы.

– Негізгі дәрі-дәрмектердің қоры үнемі толықтырылып отырады және 60 күн бойы айтқанымдай жұмыс істеу үшін жеткілікті. Дәріханаларды қажетті дәрілік препараттармен және жеке қорғаныш құралдарымен қамту жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. COVID-19-ға қарсы іс-қимыл үшін биыл медициналық жабдықтар мен санитарлық автокөліктерді сатып алуға шамамен 7 млрд теңге бөлінді. Өкпені жасанды желдететін 79 аппарат сатып алынып жеткізілді, тағы 85 елімізде өндірілген аппаратты 14-қарашаға дейін жеткізу жоспарлануда, – деді Архимед Мұхамбетов.

Аймақ басшысы қабылданған шараларға қарамастан халықтың да, кейбір кәсіпорындардың да енгізілген режимді сақтамай жүргендерін баса айтты. Бұл жағдайды одан әрі ушықтыратындығын жеткізді. Сонымен бірге отбасылық шараларды тойлау әлі де тиылмай отырғандығын жеткізді.

Айта кету керек, эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлайтын болса қатаң карантин режимін енгізу мәселесі қаралатын болады. Ондай жағдайда, санитарлық блок-бекеттер қайта қойылуы мүмкін.

Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сай, Атырау облысында төрт блок-бекет және Ақтөбе облысында екі санитарлық бекет қойылды.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет газет мұрағатынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77