Образование

Қостанайда Юбилейный ауданыдағы мектеп желтоқсан айында тапсырылады

Қазіргі таңда мектепке алдын-ала оқушы тіркеу жүргізілуде

Ағымдағы жылы «Юбилейный» шағын ауданында мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын 1200 орындық №27 жаңа орта мектепті ашу желтоқсан айына жоспарланып отыр.

Бұл жайлы облыстық білім беру басқармасының басшысы Зәуре Байменова хабарлады.

– «Юбилейный» шағын ауданында бой көтерген мектеп құрылысына 3,1 млрд теңге бөлінген. Ал, мектепке оқушыларды алдын-ала тіркеу 14 қазаннан бастап жүргізілуде. Бүгінгі күні мектепке оқуға 580 оқушы жазылды, – деп атап өтті басқарма басшысы Зәуре Байменова.

Басқарма басшысының айтуынша, мектепке тіркеу екі ай уақыт көлемінде жүргізідеді. Жұмыс уақыты дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін.

Ата-аналар 54-71-30, 8-705-451-87-27 нөмірлері бойынша хабарласа алады.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Сурет газет мұрағатынан алынды


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77