Қаламыздағы кезекші сыныптар санитарлық талапқа сай жұмыс істеп жатыр
Елімізде ғана емес, әлем бойынша белең алып, адам өміріне үлкен қауіп төндіріп отырған коронавирус дертіне байланысты биылғы жаңа оқу жылы онлайн форматта басталған болатын. Балаларының денсаулығына алаңдаса да, бір жағынан олардың ұстаз алдынан білім алғанын қалаған ата-аналардың сұрауымен бастауыш сыныптың оқушылары мектепке барып оқитын болған еді.
Мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-ші сынып оқушылары үшін алғаш білімді мектеп қабырғасында алғандары дұрыс-ақ әрине. Осы және басқа да жағдайларды ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі мектептерде арнайы 15 баладан аспайтын кезекші сыныптарды құруды ұйғарған болатын.
Міне, бүгінде еліміздің барлық білім ордаларында кезекші сыныптар құрылып, бастауыш сынып оқушылары күнделікті мектепке барып білім алуда.
Қазіргі таңда осы кезекші сыныптар барлық мектептерде сақтық шараларын қатаң сақтап жұмыс істеп жатыр.
Осы ретте шаһарымыздағы білім ордаларының бірі №28 мектеп-гимназиясындағы кезекшің сыныптардың жұмыс барысымен танысу мақсатында аталмыш білім ордасының директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Жансая Исмайловамен тілдесіп, көкейімізде жүрген сауалдарымызға жауап алған болатынбыз.
Бұл мектепте барлығы 9 кезекші сынып жұмыс істеуде. Бұл сыныптарда 1-4 сынып аралығындағы 119 бала білім алып жатыр. 1 сыныпта 15 баладан. 9 кезекші сыныпқа 8 мұғалім сабақ береді.
Оқушылар дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма күндері мектепке келіп оқиды. Ал сәрсенбі күні сабақ онлайн түрінде өтеді. Кезекші сыныптарда 40 минуттан 3 сабақ өтеді. Әр сыныптың мектепке келетін уақыты әр түрлі. Осылайша олар мектеп дәлізінде көп шоғырланбайды.
Ата-аналар оларды таңертеңгі 8:30-да мектепке алып келеді. Балаларын кіреберіс есікке дейін әкеліп, кері қайтады. Өйткені, мектепке ата-аналардың кіруіне тиым салынған. Бала мектепке кірген бетте оның дене қызуын медбике өлшейді. Қолы мен аяғын залалсыздандырады. Сондан кейін оқушыцлар белгіленген бағдарламалық сызық бойымен жүріп, өздері білім алатын кабинеттеріне кіреді. Дәлізде көп шоғарланып жүрмейді.
Бүгінде шаһарымыздағы меткептердің барлығында осындай санитарлық талаптар сақталып отыр. Олар осылайша кезекші сыныптардың жұмысына жіті көңіл бөліп, балалардың арасында жұқпалы қауіпті дерттің таралмауын бақылауларында ұстауда.
Қазіргі таңда оқушылар 1 тоқсанды аяқтауға жақын. Қыркүйек айынан бастап онлайн түрде білім алып жатқан оқушылар мен кезекші сыныпттарда білім алып жатқандар да тоқсандық БЖБ тапсырмаларын тапсыруда.
Білімге ұмтылған бала үшін оқудың түрі маңызды емес. Үйде отырып та білім алып, жан-жақты ізденген жеткіншектің алар білімі зор. Сондықтан баланың білімді болуы оның өзінің оқу деген ынтасына байланысты десек артық болмас.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77