Екі мыңға жуық қостанайлық оқушы азық-түлік себетін алатын болады
Әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар мектепте тегін тамақтанулары керек болатын. Алайда, қазір қашықтан білім алғандықтан мектепте берілетін ыстық тамақтың орнына, оқушылардың отбасына азық-түлік себеті таратылды.
Бұл азық-түлік себеттеріне мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балалар, білім беру ұйымының алқалы органы айқындайтын білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттағылар ие бола алады.
Людмила Тимченко екі немересін қарауына алған. Балалардың әкесі қайтыс болған, ал анасы ішімдікке салынғандықтан 2018 жылы сот ана құқығынан айырған. Содан бері бір ұл, бір қыз бала ата-әжелерімен бірге тұрады.
– Немерелерімнің тағдыры қиын жағдайға ұшырады. Әкелері қайтыс болды, аналары тірі, алайда балаларына қарамай кеткен соң ана құқығынан айрылды. Ішімдікке салынған. Үлкен немерем Виктория мен кіші немерем Греб бізбен тұрады. Мектеп тарапынан зор көмектер әркез болады. Мектеп құралдарын алып берді, жақын күндері қысқы киім әкелеміз деп уәде етті. Бұл қамқорлыққа ризамыз, – дейді әжесі Людмила Тимченко.
Айта кету керек, азық-түлік салынған жәшікте шай, күріш, қарақұмық, макарон өнімі, гарох, ұн, май, жарма, кисель, конфет, шырын бар. Мұнда баланың жас мөлшеріне қарай азық-түліктер жөнелтіледі.
Жалпы облыс бойынша 31 млн теңгеге азық-түлік себетіне жұмсалады. Облыс орталығы бойынша 1733 қостанайлық оқушы азық-түлік себетін алатын болады.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Әбіл ДОЩАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77