Суға шомылуда қауіпсіздік ережелерін сақтаған абзал
Суға шомылу маусымы басталғаннан бері елімізде 249 адам суға кеткен. Олардың 84-і балалар.
Мұндай қайғылы оқиғалардың басты себебі ересектердің суға шомылу кезінде мас күйінде болуы мен балаларын қараусыз қалдыруы болып отыр. Сондай-ақ суға кеткендердің көпішілігінің шомылуға рұқсат етілмеген аймақтарында суға түсуімен қатар дұрыс жүзе алмағандары белгілі болды.
Сондықтан осындай келеңсіз жайлардың алдын алу үшін суда шомылу қауіпсіздігін ұстанудың маңызы зор.
Бұл ретте суға мас күйінде шомылуға, кішкентай балаларды өзен жағалауында қараусыз қардыруға, көпірден, қайықтан, кемеден суға секіруге, руқсат етілмеген аймақтарда шомылуға, дұрыс жүзу білмесе суға түсуге тиым салынатынын естеріңізге саламыз. Әрдайым суға шомылу барысында қауіпсіздік ережелерін естеріңізде сақтаңыздар.
Адам өз өміріне жауапкершілікпен қарағаны абзал. Тілсіз жаудың қаншама адамның өмірін жалмағанын естен шығармау керек.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77