Біздің Қостанай

Екі қалаға кіріп-шығуға тыйым салынды

Шектеу шаралары қатаңдатылды

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло тұрғындардың сұрақтарына брифинг барысында егжей-текжейлі жауап берді.

Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың көбі көлік қозғалысына қатысты болды. Бұл бағыттағы сұрақтарға Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасары, полиция подполковнигі Виталий Цой жауап берді.

Мәселен, таяу аптада Қостанайға келуді немесе облыс орталығынан шығуды жоспарласаңыз онда нақты жұмыс орныңыздан құжатыңыз болуы керек.

– Егер адам жақын маңдағы елді-мекенде тұрып, Қостанайда жұмыс жасайтын болса, онда ол қызметін растайтын мөрі бар еркін үлгідегі анықтаманы көрсетуі тиіс. Сонымен қатар, ем қабылдауға келетіндер дәрігердің тиісті анықтамасын алу керек. Тобыл мен Қостанай арасында қосымша санитарлық бекеттер орнату жоспарланбаған, өту еркін, – деп атап өтті Виталий Цой.

Қостанай облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы басшысының орынбасарының айтуынша, 16 қарашаны қоса алғанда облыстың санитарлық бекеттерінде 11 мың көлік, оның ішінде 2700 жүк көлігі тексерілген. Шекарада ҚР аумағына мақсатсыз кіргісі келген бір жағдай анықталғанын айтады.

Қалаішілік қоғамдық көліктер 21:00-ге дейін қызмет көрсететін болады. Сондай-ақ, №101, 102, 106 қоғамдық көліктер жұмысын жалғастырады. Такси қызметінің түнгі уақыт бойынша, сағат 22:00-ден 6:00-ге дейін қызмет көрсетуіне тиым салынады.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Владимир Нечитайло Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бірқатар облыстарда, соның ішінде Қостанай облысында КВИ статистикасын жасырғандығы жөніндегі мәлімдемесі бойынша тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.

Санаторийлер мен демалыс орталықтарының жабылуына байланысты, туындаған сұрақты Владимир Нечитайло демалушыларға орталық әкімшілігімен кездесіп шешуге кеңес берді. Оның айтуынша, пайдаланылмаған қызмет үшін әкімшілік төленген ақшаны демалушыға қайтаруы керек.

Сонымен қатар, елді-мекендер арасында орналасқан асханалар мен кафелер алдағы апта бойына тек тағамды жеткізу, болмаса шығарып беру бойынша қызмет көрсету керек екендігі айтылды.

– Дүкенге кірген сатып алушы бетпердесіз болса, оған қызмет көрсеткен сатушы да, сатып алушы да әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – деді Владимир Нечитайло.

Брифинг соңында, облыс тұрғындарын карантин шараларына түсіністікпен қаруға шақырды. Бұл шектеулер қысқа уақыт аралығына енгізіліп отыр. Жағдай жақсарған кезде алып тасталатындығын жеткізді.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77