В ритме города

Аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов Еріктілер жылының жабылуына қатысты

Облыс әкімі Еріктілер қозғалысының атқарған жұмысы үшін өз алғысын жеткізді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен көрсеткен дәрігерлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, кәсіпкерлер мен еріктілерге алғыс білдірген болатын.

Індет өршіген тұста өз өмірлеріне қауіп төніп тұрса да, көмек беруден тартынбаған еріктілер жайлы айтпай кеткен жөн емес. Бүгінгі таңда облыста 90 еріктілер ұйымы тіркелген.

– Аймақта өңірлік фронт-кеңсе жұмыс істейді, оның негізгі міндеттерінің бірі азаматтардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық емес ұйымдардың бастамасы еріктілер қозғалысына өз үлестерін қосуға ұмтылу болып табылады, – деп атап өтті Қостанай облысы Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Марат Жұрқабаев.

Пандемия кезінде еріктілер қауіпті жағдайға тап болған және үйде қалуға мәжбүр болған қарт адамдарға дәрі-дәрмектер жеткізуге көмек берді. Осылайша қала мен аудан бірлескен жемісті жұмыс барысында 6 мың адамға дәрі-дәрмек жеткізілген.

– Екі жүзден астам ерікті облыс аумағында орналасқан провизорлық стационарларға оттегі баллондарын, тыныс алу аппараттарын тиеу және түсіру бойынша көмек көрсетті. Мұның сыртында, 2000-нан астам оттегі баллоны мен 100 тонна әлеуметтік көмек түсірілді. Сонымен қатар, «Халық» республикалық акциясы аясында 1500 мың адам азық-түлік жиынтығымен қамтамасыз етілді, – деді Марат Жұрқабаев.

Медицина қызметкерлері мен олардың отбасына қолдау көрсету мақсатында облыстың барлық өңірінде «Мың алғыс» акцияс іске қосылып, 600-ден астам қызметкерге азық-түлік биындығы жеткізілген.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен еріктілер жылының жабылу рәсімі өтті. Оған онлайн режимде өңір басшысы Архимед Мұхамбетов қатысты.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында тұрақтылық пен жауапкершіліктің жарқын үлгісін көрсеткен еріктілерге алғысын білдірді. Мемлекет басшысы жариялаған еріктілер жылы азаматтардың басым көпшілігін игі істер қозғалысының айналасына біріктірді. Бұл туралы қазақстандықтардың бастамасымен пайда болған көптеген қайырымдылық және еріктілік жобалар айтады. Еріктілер жылын қорытындылай келе, еріктілік – бұл күн сайын өзекті болып келе жатқан маңызды ресурс екенін айту керек. Елде төтенше жағдай жарияланған сәттен бастап өңір еріктілері медициналық мекемелердің қызметкерлеріне қауіп төнген және үйде қалуға мәжбүр болған қарт адамдарға дәрі-дәрмектер мен жеке гигиена құралдарын жеткізуге көмек көрсетті.

Дәрі-дәрмектерден басқа, еріктілер мұқтаж адамдарға қажетті азық-түлікті түсіруден бастап тасымалдауға дейін көмек көрсетті, сондай-ақ қауіпсіздік мақсатында тасымалдау кезінде барлық еріктілер бетперде, қолғап және қорғаныс костюмдері түрінде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Еріктілер қозғалыстың барлық өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтқым келеді, – деп жазды Архимед Мұхамбетов өзінің «Instagram» парақшасында.

Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77