Новости Социум

Арыстық бүлдіршіндер Арқалықтағы лагерьде демалып жатыр

Мұнда оларға барлық жағдай жасалған

Қазіргі таңда Арқалық шаһарында Арыс қаласынан келген 70 бала демалуда. Олар «Құрылысшы» деп аталатын демалыс лагерінде орналасқан. Оларға қолдан келген қамқорлықтардың бәрі де жасалып жатыр.

Алыстан келген балдырғандардың жай-жапсарымен танысу мақсатында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және киелі орынның қызметкерлері бүлдіршіндермен кездесті.

Бас имам балалармен жүздесу барысында имани тәлім-тәрбие, үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу жайлы сөйлесті. Сондай-ақ мұсылман баласы ешқашанда өтірік айтпауы, бұзақылық жасамауы керектігі, көркем мінезді азамат болып қалыптасуы қажеттігі жайлы сөз етті.

Сонымен қатар қонақ балаларға сый-сыяпат та көрсетті. Өздерімен ала барған түрлі тәттілер мен шырындарды табыс етіп, көңілдерін бір көтеріп тастады.

Жалпы, Түркістан облысының Арыс қаласынан демалуға келген балалар уақыттарын көңілді де мазмұнды өткізуде. Олар да өздеріне ерекше ықылас көрсеткен мешіт қызметкерлеріне дән риза болысты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77