Өткен жылы 90 сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс тіркелген
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде «Antikor Ortalygy» қызмет көрсету орталығының алаңында 2020 жылдың қорытындысы шығарылды.
Ведомство басшысы Қуаныш Бекбасов өткен жылы қол жеткізген және осы жылы алдағы міндеттер туралы баяндады.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметі оны болдырмай алдын алуға бағытталған. Арнайы мониторинг топ, ақпараттық-ағартушылық штабтар, «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сияқты қоғамдық институттарды енгізу арқылы азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, сонмен қатар, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде, – деп атап өтті облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.
Өткен жылы жұртшылықтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 27 талдау және мониторинг жүргізілген. Оның қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің 250-ден астам түрін анықтаған.
– «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Қостанай облысында барлық қала және аудан әкімдіктері ашық сервистік модельге көшті, бұл азаматтарға «бір терезе» қағидаты бойынша Мемлекеттік қызметтерді жедел және кедергісіз алуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және халықтың сенім деңгейін одан әрі арттыру мақсатында облыстың 64 мекемесі «Open Space» форматына көшті. 600-ге жуық өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының жұмысы ұйымдастырылды, оның 130-ы ауылдық округтерде. Ағымдағы жылы сервистік модельге көшу бойынша жұмыстар облыстың халық тығыз орналасқан басқа да ауылдарында жалғастырылатын болады, – деді Қуаныш Бекбасов.
Сондай-ақ, Департамент басшысы облыста ашық бюджеттердің интерактивті картасы жобасы сәтті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 2020 жылы Интерактивті карта порталында 984 Мемлекеттік орган мен ведомстволық бағынысты ұйымдар тіркелген. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың 420 млрд теңге сомасына 4192 бюджеттік бағдарламасы жарияланған.
Қуаныш Бекбасовтың айтуынша, карта бойынша жұмыс осы жылы жалғасады, облыста іске асырылатын бағдарламалардың барлық бюджеттері жүктеледі және көрсетіледі.
– Мемлекеттік сатып алу мониторингіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері жоғары бағалар мен рентабельді емес қызметтерді бақылаудың арқасында «сатып алудың бірыңғай терезесінде» бюджет үшін 300 млн теңгеден астам қаражат үнемделді, – деді ол.
Өткен жылдың 12 айында 62 адамға қатысты 90 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, 68 ауыр сыбайлас жемқорлықа және бір ерекше ауыр қылмыс тіркелді.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған залалдың сомасы 716,7 млн теңгені құрады, мемлекет кірісіне 663,9 млн теңге өтелген.
Қорытындылай келе, Қуаныш Бекбасов сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудегі оң ілгерілеулер, бұл азаматтарды топтастырудың, олардың құқықтық сауаттылығын арттырудың нәтижелері және олардың сыбайлас жемқорлық пен әділетсіздікке қарсы іс-қимылға белсенді қатысуға деген ынтасы бар екенін атап өтті.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суретті ұсынған орталық
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77