Ахаң рухына жыр арналып, тағзым жасалды
Л.Н. Толстой атындағы ОӘҒҚ Өлкетану әдебиеттері бөлімінің ұйымдастыруымен қоғам қайраткері, ғалым, жазушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне және Қазақстан халқы тілдері мерекесіне орай ісшара өтті.
Қостанай саябағы, Ахмет Байтұрсынұлының ескерткіші алаңыда ұйымдастырылған шараға қаланың жоғары және орта оқу орындарының оқытушыларымен студенттері, қостанайлық жазушылар, ақындар қатынасты.
Ахаңның туған күні қарсаңында, Ұлт ұстазына тағзым жасап келушілердің аздығын айтып, Нағашыбай Оразбайұлы жастарға назын жеткізді.
– Ахаңның мұраларын білмейтін қазақ кемде кем. Оның мұралары қазақтың жаны, қазақтың сыры, көкірегіндегі лебіздер. Өзінің басына түскен жайларды ғана, қиындықты ғана айтпайды, ол қазағым деп ғана өмірден өткен адам. Сондықтан, Ахаң біздің мәңгі жүрегімізде. Ахаңды айтпай қазаққа өмір сүру мүмкін емес, Ахаңды айтпай алаштың баласына бір адым алдыға басу мүмкін емес деп өз басым есептеймін. Ол біздің рухани көсеміміз, – деді жиын барысында ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, Қостанай қаласының құрметті азаматы Нағашыбай Мұқатов.
Жиын барысында, облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының актері, ҚР Мәдениет қайраткері Қабдул-Мәжіт Иманов Ахаңның моногогынан үзінді қойды.
– Ахаң өзінің өмірден өтпейде, өмірден өткенсоң да, осы кезге дейін зиялылардың аузында тек қана Ахаң деп танылған қазақтың құрметтілерінің бірі де, бірегейі, санаулыларының салаулысы. Ахаң өмірінің қалай екенің жиын барысында баяндалып жатыр. Ахаң өзі өлгенмен де, оның өмірбаянындағы қателіктер жойылмай келеді. Ал, ендігінде Ахаңның өзінің нақ туған күнінде мерекеліп жатырған Қазақстан халқы тілдері күні өткізіліп отырған ісшара нағыз құптарлық. Ахаң есімі жастарға барынша насихатталуы қажет. Сондай шаралар да ұйымдастырылып жатыр деп айта аламын. Мысалы, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіндегі Ахмет атындағы мұражайда да тағылымды шаралар өткізілді, өзім қатынастым соған. Алайда, бір айтарым орталықтағы Ахаң ескерткішінде 1873 жыл делінген, ол қате қойылған. Алдағы уақытта түзетілсе деген бұйымтайым бар, – деді Ахметтанушы, Қостанай қаласының тұрғыны Ибраһим Ағытаев.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77