Мұнда шәкірттер жататын орын мен тамақпен тегін қамтамасыз етіледі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы негізінде республикамыздың барлық мешіттері қарамағында қайрымдылық мекемелері ашылуда.
Ондағы мақсат – жастарға ата-баба салт дәстүрін сақтай отырып діни тәлім тәрбие беру.
Міне, енді Қостанай да қасиетті жұма күні облыстық мешіттің жанындағы «Марал ишан» қайырымдылық мекемесі ресми түрде ашылды.
Осы қайрымдылық мекемесінде жастар жергілікті оқу орындарында дәріс ала жүріп, мешіттегі діни курстарда да ислам дінінің құндылығы мен адамгершілікке үндейтін қырларын меңгереді.
Мекеме директоры облыстық мешіттің наиб имамы Тимур Туребаев та аталмыш білім орталығы өскелең ұрпақтың өмірінде айрықша орын алатындығына тоқталып өтті.
Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы мешіттің алқа мүшелері мен шараға қатысушыларды есте қаларлық оқиғамен шын жүректен құттықтап, шәкірттерге сәттілік тіледі.
Бұл дәріс беретін орынның ерекшелігіне келсек, мұнда 25 шәкіртке арналған тегін жатын орын беріліп, тамақпен толық қамтамасыз етіледі. Ал кітапханада барлық оқу құралдары бар. Негізінен дәрісті облыстық мешітте қызмет атқаратын имамдар жүргізеді. Болашақта оқитын жастардың саны 70-ке жеткізу көзделіп отыр.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77