Новости Социум

Басты мақсат – халықты жұмыспен қамтамасыз ету

Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысы қарқынды жүріп жатыр

Қостанай қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығына үстіміздегі жылы 1698 жұмыссыз тізімге тіркелген. Олардың 892 жұмыспен қамтамасыз етілген. Оның ішінде тұрақты жұмысқа орналасқандары 528 адам. Әлі де өздері қалаған жұмысқа тұруды мақсат етіп отырғандар саны 302.

Ал әлеуметтік жұмыс орнына тұрғандар саны 115. Сондай-ақ қаладағы жоғары және орта  оқу орындарын тәмәмдаған 70 жас маман «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан.

Шаһарымызда жұмыссыздардың санын барынша азайту мақсатында – аталмыш орталық көптеген жылдар бойы үлкен іс тындырып келеді. Оның айғағы ретінде осы мәліметтерді назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Бүгінгі таңда жұмыс іздеп келушілерді нарықтағы сұранысқа ие мамандықтарға қайта даярлау қысқа мерзімді курстарынан өткізу өз жалғасын тауып жатыр. Осы ретте қазір техникалық және кәсіби білімдерін жетілдіру мақсатында курстардан өткізу жүргізіліп жатыр.

Осы бағдарламалар арқылы 679 адам қамтылып, арнайы курстарда білім алды. Олардың ішінде 180 адам техниканың тілін үйреніп, өздерінің кәсіптері бойынша білімдерін жетілдурген.

Биылғы жылдың наурыз айынан бастап қаламыздағы 268 адам нарықта сұранысқа ие мамандықтарды игерген. Оның ішінде электрогаздәнекерлеуші, есепші, аспазшы, машинист тракторшы, шаштараз-сәнгер, тігінші, электр  жабдықтарымен көлік жөндеуші, кондитер, әкімші мамандықтарын игеріп шыққан.

Сонымен қатар жұмыспен қамту орталығына күзет, құрылыс, білім беру, асхана салалары бойынша 37 ұжым өздеріндегі бос орындарды ұсынған.

Сондай-ақ өңірімізге еліміздің оңтүстігінен қоныс аударған 29 отбасының мүшелері тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Біздің аймаққа бүгінде Алматы облысынан – 4 отбасы (9 адам), Қызылорда облысынан – 10 отбасы (15 адам), Түркістан облысынан – 9 отбасы (27 адам), Жамбыл облысынан – 3 отбасы (3 адам), Маңғыстау облысынан – 1 отбасы (1 адам) өңірімізге көшіп келген.

Оларға мемлекет тарапынан көшіп-қонуы мен үй-жайына қажетті  көмек жасалып, жұмыспен қамтамасыз етілген.

Қаламыздағы 1116 жеке кәсіп иелері өздеріне қажетті мамандақтарға бос орын бар екенін білдірген. Сонымен қатар өңіріміздегі 5355 кәсіпорындар мен ұйымдар да бос жұмыс  орын ұсынып отыр.

Қазіргі таңда жұмыс берушілер тарапынан есепші, тәрбиеші, кондитер, газоэлектрдәнекерлеуші, электрик, барлық санаттағы көлік жүргізуші, сатушы, менеджер, инженер сынды мамандықтарға сұраныс бар.

Міне, осы мәліметтерге қарап отырып, шаһарымызда жұмыс іздеген жанға көп қиналмай бір кәсіп табуға болатындығын байқаймыз. Ең бастысы еңбек етемін деген ниет болуы керек.

Жұмыс іздеп жүрген жандарға Қостанай қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында жасалатын көмек орасан. Мұнда өзінің қолынан келетін жұмысқа орналасуға да өзге кәсіпті меңгеруге де барлық жағдай жасалған.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА

Фото – alau.kz


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77