Оларға күнделікті тұтынатын азық-түлік және отын-көмір үлестірілді
Қостанай облыстық мешітінің жанындағы «Зекет» және қайырымдылық қоры әрқашан өңірдегі көмекке мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, жұртшылықтың шынайы алғысына бөленуде. Осы арада сөзіміз нақты болу үшін деректер мен дәйектерге сүйенгеніміз абзал.
Мәселен, осы жылдың қаңтар айында облысымызда демеушілердің тарапынан түскен 3 млн 320 мың 612 теңгеге облыстағы әлеуметтік жағынан көмекке мұқтаж 451 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік және отын-көмір үлестрілді.
– Біздің қор алдағы уақытта да жұмысын барынша жандандыра түседі. Осы бағытта облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің тарапынан үнемі жанашырлықпен қолдау көріп келе жатқанымызды ерекше атап өткім келеді.
Қазіргідей қиын кезде күнкөрісі төмен шаңырақ иелерінің қасынан табылып, олардың жүздерінен қуаныштың нышанын көру әрбір парасатты азаматтың басты міндеті деп есептеймін, – дейді облыстық мешіттің найб имамы әрі «Зекет» және қайырымдылық қорының жетекшісі Бақытжан қажы Икрам.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77