Тек күш біріктіре отырып әлеуметтік зұлымдық – жемқорлықты жеңе аламыз
Сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін ең қауіпті және кең таралған әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың біріне жатқызуға болады, оның зиянды әсері мемлекеттік құрылым мен дәстүрге қарамастан кез-келген елде сезіледі.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға мемлекеттік басқарудың жоғары деңгейінде үлкен көңіл бөлінуде.
Осыған байланысты әскери прокуратура органдары үшін әскери ортадағы қылмыстың, әсіресе оның сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бірінші кезектегі маңызды мәселе болып табылады.
Қостанай гарнизонының әскери прокуратурасы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелерін әскери басқару және қылмыстық қудалау органдарының әрбір ведомствоаралық кеңесінде қарайды, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу бойынша, оның ішінде неғұрлым осал және тәуекелге ұшыраған қызмет учаскелерін алып тастауға бағытталған шаралар қабылданады.
Мысалы, әскери қызметке шақыру кезінде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау үшін әскери прокуратура әрбір әскери объектінің бақылау-өткізу пункттерінде әскери прокуратура органдарының сенім телефондары мен әскери құқық қорғау органдарының жедел желісі көрсетілген профилактикалық стендтер әзірледі және орналастырды.
Біздің мақсатымыз, қарапайым тілмен айтқанда, барлық дәрежедегі лауазымды тұлғаларды, азаматтарды өз бостандығына, тағдырына және басқа адамдардың тағдырына қауіп төндірмеуге, оларды сыбайлас жемқорлыққа итермелеуге ескерту. Адамның қарапайым бақыты – күн сайын жұмысқа барып, үйге оралу, отбасымен бірге болу.
Осындай мысалдардың бірі әскери қызметші Н.Сұлтанбекке қатысты қылмыстық істі тергеу болды. Н.Сұлтанбек Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында қызмет атқарды және УК-161/2 мекемесінде ұсталушы адамдардың мінез-құлқын бақылауды жүзеге асырды.
2020 жылғы 28 наурызда Қостанай қаласында Н.Сұлтанбек жазасын өтеп жатқан сотталған адамға тыйым салынған заттарды беруге «Г» азаматшасынан 10 мың теңге сомасында ақша қаражатын алғаны үшін ұсталды.
2020 жылғы 20 шілдеде Ақмола гарнизоны әскери сотының үкімімен Н.Сұлтанбек алаяқтық үшін кінәлі деп танылды (Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі 2-тармағы), оған айыппұл түрінде жаза тағайындалды, сондай-ақ ол өмір бойы мемлекеттік қызметте болу құқығынан айырылды.
Осылайша, 10 000 теңге есебінен әскери қызметші жұмысынан, мемлекеттік қызметте мансап құру мүмкіндігінен айрылды, сондай-ақ өз отбасының атына кір келтірді.
Сыбайлас жемқорлық – адамдардың надандығының, тойымсыздығының және табиғат пен өмір заңдылықтарын дұрыс түсінбеуінің нәтижесі.
Тек күш біріктіре отырып, біз, қазақстандықтар, әлеуметтік зұлымдық – жемқорлықты жеңе аламыз.
Асель РАХИМОВА,
Қостанай гарнизоны
әскери прокуратурасының прокуроры,
әділет лейтенанты
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77