Үздік спикер мен жеңімпаз командаға арнайы кубоктар табысталды
М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік- экономикалық университетінің ұйымдастыруымен «Оян, Қазақ» Республикалық пікірсайыс турнирі өтті.
Екі күнге созылған турнирге карантин талаптары ескеріліп 24 пікірсайысшы қатыстырылды.
Аталмыш оқу орында жыл сайын пікірсайыс додасын өткізу дәстүрге айналған. Турнирге Алматы, Нұр-Сұлтан, Көкшетау қалаларынан пікірсайысшылар қатысты. Осы уақытқа дейін сайыс орыс тілде өтіп келсе, биыл мемлекеттік тілді пікірсайысшылар ойларын ортаға салды.
– Өткізілген бұл турнирдін басты мақсаты – жастардың ойлау көкжиегін дамыту, қоғаммен байланысын арттыру. Әр облыстағы жастардың басын біріктіріп достық шекарасын нығайтуды өзіміге басты мақсат еттік. Карантин талаптарын бұзылмауы үшін арнайы қадағалаулар жасалды. Дебат бұл тек ойын ғана емес, дебат ол жеке әлем, – дейді турнирің бас төрешілерінің бірі Аякөз Мақатова.
Ұшқыр ойлы жастар турнирінде, қазақ лигасында жүлделі бірінші орынды «16 желтоқсан» фракциясының ойыншылары Мақатова Қаракөз бен Шуйиншибаев Мұратхан қанжығаларына байласа, 2-орынды «Апалогия абсурда» фракциясының спикерлері Төлепова Айгерім мен Балахмет Зухра иелендлі. Ал 3-ші орынды «Торт» фракциясы Қайырғали Нұрымжан мен Жаңбырбаева Айсұлу алды. Турнирдің «үздік спкері» номинациясын Төлепова Айгерім жеңіп алды.
– Көптен бері ашық аланда дебат ойнамаған едік, әр спикерден ойын барысында дебатқа деген сағынышы сезілді. Осындай мүмкіндік беріп жатқанын университет тарапына және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз. Қызықты да өзекті қарарлар мен әділетті төрешілік үшін Бас төрешіге жеке рақмет айтқым келеді, – дейді турнир жеңімпазы Қаракөз Мақатова.
Айта кету керек, аталмыш ұйымдастырылған турнир Қостанай қаласының «жастар фракциясы» және Қостанай инженерлік – экономикалық университетінің қолдауымен өтті.
Іс-шара соныңда жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды. Үздік спикер мен жеңімпаз командаға арнайы кубоктар табысталды.
Айгерім Төлепова
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77