Біздің Қостанай

Құрылғанына – 50 жыл

Алғаш 1971 жылы бөлімнің іргетасы қаланды

Қостанай қаласындағы «Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің құрылғанына 50 жыл.

Елуінші жылдардың соңында Қостанай қаласында 4-ші айдауылдау командасы кейін Жітіқара қаласында 9-шы айдауылдару командасы құрылған болатын.

Еліміз үшін тарих пен қастерлі Тәуелсіздіктен артық құндылық жоқ. Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресімен 1971 жылдан бастау алатын бөлімнің тарихы тығыз байланысты.

Айтулы күнге орай, өткізілген салтанатты шараға, ардагерлер, офицерлер, әскери қызметшілер, қонақтар мен сарбаздар қатысты.

– Әскерде қалыптасқан ежелгі салт-дәстүр аз емес, солардың бірі бөлімнің құрылған күні. Коронавирус індетін жеңу жолында Елімізбен бірге шұғыл іс-шаралар жасап осы күнге жеттік. Тәуелсіздік мемлекетіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздін негізі, тарихы бай, тамыры терең, қазақ елінің қастерлі құндылығы. Әскери бөліміміздің 50 жылдық мерей тойы Еліміздің 30 жылдық тәуелсіздігімен бір уақытта сәйкес келіп, екі есе қуаныш сыйлауда. Әскери бөлімінің ірге қалауы мен орындаған мақсаттары Қазақстан Еліміздің Тәуелсіздігінің бір кірпіш іргесінің негізі. Құрметті офицер мырзалар және әскери қызметшілер, қадырмеді қонақтар Сіздерді Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6697 әскери бөлім құрылғанына 50 жыл толу мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге және отбастарыңызға амандық-саулық және татулық тілейміз! Еліміз – Қазақстан Республикасына борыштарыңызды атқару жолында еңбектеріңізге мол табыс тілеймін, – деді 6697 әскери бөлімнің командирі, подполковник Медет Есембаев.

КСРО ІІМ бұйрығымен 1971 жылдың ақпан айында батальон командирі болып майор Атангулов Гиндулла Ахмадулович тағайындалды. 30 наурызда ол батальон командирі лауазымына кірісу туралы алғашқы бұйрыққа қол қойды және осы уақыттан бастап, жыл сайын осы айтулы күн аталып өтіледі.

Сондай-ақ, 1972 жылдың осы күні Қостанай қаласында Ленин алаңында батальон командирі майор Атанғұловқа Қызыл Ту салтанатты түрде табыс етілді.

Көптеген әскери қызметшілер өз өмірлерін ішкі әскерлерде қызмет етуге арнады, олардың өмірі мен қызметі бүгінде қиын қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілер үшін үлгі болды. Міндеттер, қызметкерлер және бөлімшелердің ұйымдық құрылымы өзгерді.

– Қадірлі әскери қызметшілер және әскери бөлімнің ардагерлері. Сіздерді 6697 әскери бөлімінің 50 жылдық салтанатты мерейтойымен Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметовтың атынан құттықтауға рұқсат етіңіздер. Әскери қызметші мемлекетіміз бен егемендігіміздің тірегі. Сіздер осы жылдар ішінде, қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмастың алдын-алу сияқты міндеттерді адал атқарып келесіздер.

Мерейтойларыңыз тағы да құтты болсын, – деді Қостанай қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Әсем Ещанова.

Сондай-ақ, бөлім басшысы Әсем Бақытжанқызы, бірқатар әскери қызметшілерге облыс әкім Архимед Мұхамбетовтің атынан Құрмет грамоталарын табыс етті.

Жиын барысында, ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы атындағы Қостанай академиясының бастығы полиция поковнигі Нұрлан Биекенов, Қостанай облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары Виталий Цой және ардагер әскери қызметшілер сөз сөйледі.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77