Қазақстан әрбір азаматтың құндылығын мойындайды және оның ар-ождан бостандығын қамтамасыз етеді
Зайырлылық қағидаттары қазіргі заманғы Қазақстанның дамуы мен тыныс-тіршілігінің негізі болып табылады.
Барлық азаматтар өздерінің күнделікті қызметінде дінге қатысына қарамастан, ең алдымен, заңдарды, өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын, сондай-ақ, егер қолданыстағы заңнамаға қайшы келмесе, барлық меншік нысандарындағы ұйымдардың ішкі қағидаларын басшылыққа алады.
Мемлекеттің конституциялық құрылымы заң шығаруда, мемлекеттік билік органдарының құрылуы мен жұмыс істеуінде, лауазымды адамдардың этикасында діни мүддені жоққа шығарады.
Мемлекет пен діннің арасында ерекше қарым-қатынас орнатылуда, бұл ретте бірде-бір дін мемлекеттік немесе міндетті болып танылмайды, ал мемлекеттік саясат қандай да бір діни ілімнің нұсқамасымен құрылмайды, ол тұтас алғанда, азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты мүдделерінен туындайды.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанда мемлекеттік шешімдер қандай да бір діннің немесе оның жекелеген ұстанушыларының мүддесіне орай емес, тұтас қоғамның мүддесі негізінде ғана қабылданады.
Қазақстан әрбір азаматтың құндылығын мойындайды және оның ар-ождан бостандығын қамтамасыз етеді.
Елдің азаматтары өзінің дінге деген көзқарасын дербес және мәжбүрлеусіз айқындауға не өзін қандай да бір дінге байланыстырмай, діни институттарға жүгінбей-ақ өмір сүруге құқылы.
Мемлекеттік органдар және мемлекеттік қызметшілер мемлекет атынан азаматтарды белгілі бір дінді ұстануға немесе ұстанбауға қандай да бір нысанда мәжбүрлей алмайды, бірақ дінді ұстанатын және дінді ұстанбайтын азаматтар арасында, сондай-ақ әртүрлі діни бірлестіктер арасында өзара сыйластық пен келісімді орнатуға ықпал етеді.
Ұлттық, оның ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүддесінде мемлекет қоғамдық қатынастарды реттейді және басқарады.
Осы мақсатта мемлекет діни бірлестіктерге ұсыныстар беруге және адамның ішкі жан дүниесі мен діни наным-сеніміне қол сұқпай заңда көзделген шектеулерді енгізуге құқылы.
Зайырлылық қағидаттары мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызмет жүйелерінің қызмет етуі үшін негіз қалаушы болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке өз еркімен кіре отырып, бірқатар міндеттер мен шектеулерді мүлтіксіз орындауға тиіс, оның ішінде: лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болуға міндетті; қызметтік жағдайын және онымен байланысты мүмкіндіктерді діни бірлестіктердің мүддесі үшін пайдаланбауға, оның ішінде оларға деген өзінің көзқарасын насихаттамауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдағы қызметшілер ұжымда өзінің діни көзқарасын ашық көрсете, қарамағындағы қызметшілерді діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемей алмайды.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың азаматтық қызметшілері қызметтік және лауазымдық міндеттерін орындау кезінде дінді насихаттаудан бас тартуға тиіс. Басқарушылық шешім қабылдау кезінде діни ережелер негіз ретінде алынбауға тиіс;
Сонымен қатар құқық қорғау, арнаулы органдар және Қарулы Күштер жүйесінде
Құқық қорғау, арнаулы органдары мен Қарулы Күштер жүйесінде дінді насихаттауға жол берілмейді.
Әскери міндеттілік діни нанымнан бас тартуды талап етпейді.
Әскери қызметші өз наным-сенімін ұстана алады, алайда осы наным-сенімін іске асыру жұмыстағы қызмет.не нұқсан келтірмеуге тиіс.
Сапарғали ӘБДИЕВ,
Қостанай облысы әкімдігінің
дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77