Социум

Жас отбасылардың әрдайым керегіс кең, шаңырағы биік болсын

Қаламызда «Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ тапсырысы бойынша іске асырылатын «Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, жас отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында жастар арасындағы әлеуметтік жарнаманың облыстық конкурсы өткізілген болатын

«Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға, жас отбасыларды қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы Жастар саясаты мәселелері басқармасының тапсырысы бойынша 2017 жылдан бастап іске асырылуда және конкурстар мен іс-шараларды өткізуден басқа жас отбасылық жұптармен, оның ішінде некені бұзуға өтініш бергендермен (өткен 2 жылда өткізілген консультациялар қорытындысы бойынша 7 жұп ажырасу туралы өтініштерін кері қайтарып алды және отбасын сақтап қалды). Сондай-ақ психолог пен заңгердің консультацияларын өткізуді, жас отбасылар мен жастарға, табысты отбасылық жұптардың студенттермен кездесулер өткізу, отбасын қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы хабардар ететін әлеуметтік ролик әзірлеу және тарату шаралары қарқынды жүргізіліп, жас отбасыларға отбасылық өмірдің қызығы мен шығығын дұрыс қабылдап, жанұяны сақтап қалуға көмектесті.

Байқау Халықаралық Отбасы күні қарсаңында өткізілді және «Жастар ортасында отбасылық құндылықтарды қалыптастыру» тақырыбына арналды. Сонымен қатар сайыс Instagram әлеуметтік желісінде үш номинация бойынша өткізілді. Олар «Бейнетаспа», «Фотосурет», «Ынталандырушы мәтін» деп аталды.

Отбасы күніне қарсы өткен байқауға 20 адам қатысып, қазылар алқасына 24 жұмыс ұсынылды. Қазылар алқасының құрамында Жастар саясаты мәселелері басқармасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабының» лауреаттары болды. Кіл мықтылар бақ сынаған сайыста оза шапқан жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. «Бейнетаспа» номинациясы бойынша 1 орынды Камиль Дашкин, Қостанай қаласының тұрғыны, 2 орынды Заманбек Сейл, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік мемлекеттік университетінің студенті, 3 орынды Фарида Дощанова, Денисов аудандық сотының қызметкері жеңіп алды.

Ал «Фотосурет» номинациясы бойынша 1 орынды Жақсыгүл Адаева, Денисов №1 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 2 орынды Виталий Козловский, Қостанай педагогикалық колледжінің студенті, 3 орынды Карина Канасиевич, жас отбасының атанасы қанжығасына байлады.

Үшінші «Ынталандырушы мәтін» номинация бойынша 1 орынды Валерия Трясак, «ЧелМУ» ҚФ студент, 2 орынды Ақнұр Амербаева, мамандандырылған ақпараттық технологиялық мектеп-лицей интернаты оқушысы, 3 орынды Артем Алексеев, Қостанай жоғары политехникалық колледжінің студенті иеленді.

Барлық жеңімпаздарға грамоталар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

– Отбасылық құндылықты арттыру мақсатында өткізіліп келе жатқан іс-шаралардың берері мол. Соңғы жылдары жас отбасылардың тату-тәтті ғұмыр кешіп, саналы ұрпақ тәрбиелеп жүргендерін көп кездестіреміз. Жастар мәселесімен тікелей байланыста жұмыс жасайтын болғандықтан, біз үшін бұл үлкен қуаныш, – дейді облыстық жастар мәселесі жөніндегі басқарманың қызметкерлері.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77