Бүгінде қаламызда несие алу бәсеңдей түскен
Банктерден ақшалай немесе тауарлай несие алу елімізде қарқынды дамып кеткені соншалық, қазір басында несиесі жоқ адамды мүмкін болмай қалды. Жалпы, несие ол адамдардың қаржылық мекемелерге барыш болуы. Бүгінде елімізде үйді де, машинаны да, тамақты да, киімді де бір сөзбен айтқанда бәрін де несеиеге алуға болады. Екінші деңгейлі банктер бұған жақсы жағдай жасаған.
Әр банктің несие картасы бар. Ол шаһарымыздың кез-келген сауда орталықтарында жұмыс істейді. Кейін жұмсаған қаражатыңызды қайтадан орнына толтырып қоясыз. Бұған халық үйренген. Иә, бұл несиенің ақша іздеп қысылғанда көмегі мол. Бірақ алмақтың да салмағы бар емес пе.
Көп мөлшерде ақшалай несе алып, уақытында төлей алмай қалса, үстіне қосылатын пайызы да бар екенін біз ұмытып кететін сияқтымыз. Егер банк сізге пайызсыз несие берсе, одан оған не пайда. Сондықтан алдына ақша іздеп қысылып келгенде, үстіне өздерінің пайыздарын қосып, қолыңызға ақша ұстатып жібереді.
Бүгін несие алу үшін несие тарихы қандай болуы керек және бүлінген несие тарихы қашан дұрысталатыны жайына тоқталып көрсек.
Мәселен, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басқармасының 2020 жылдың №19 қаулысына сәйкес кредиттік бюро бұрын 90 күннен астам мерзімінің өтуіне жол берілген кредитке қатысты «Оңалтылды» мәртебесін қарыз алушы мынадай талаптарды сақтаған кезде береді:
Бірінші – несие бойынша берешек өтелгеннен кейін бір жыл аяқталған соң. Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша берешекті толық өтесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылды» мәртебесін беруге тиіс.
Екінші – несие бойынша қайта құрылымдау немесе қайта қаржыландыру күні орын алған және қарыз алушы құрылымдау немесе қайта қаржыландыру жүргізілгеннен кейін жыл ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімін өткізуге жол берілмеген берешек сомасының 50%-ы өтелгенде.
Бұл дегеніміз, егер қарыздың сомасы 500 мың теңгені құраса және қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін (2020 жылғы 1 қаңтар – қайта құрылымдау және қайта қаржыландыру күні) 250 мың теңгеден астамын өтесе, бұл ретте 2020 жыл ішінде қарыз алушы күнтізбелік 30 күннен астам мерзімін өткізуге жол бермесе, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылды» мәртебесін беруге тиіс.
Үшінші – қатарынан соңғы 12 ай ішінде күнтізбелік 30 күннен астам мерзімін өткізу болмаған кезде, күнтізбелік 90 күннен астам мерзімін өткізілген берешек өтелгеннен кейін.
Мысалы, егер қарыз алушы 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредит бойынша мерзімі өткен берешекті өтеген болса және 2020 жыл бойы төлем мерзімін күнтізбелік 30 күннен аса кешіктірмеген болса, онда 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кредиттік бюро кредитке «оңалтылды» мәртебесін тағайындауға тиіс.
Міне, осы талаптар толық расталған жағдайда адам қайтадан өз атына несие рәсімдей алады.
-Жалпы, несие тарихы адам несиесін үш ай бойы яғни 90 күн уақытылы төлей алмаса бұзылады. Бір сөзбен айтқанда, банктің қара тізіміне кіреді. Бұл дегеніміз ол басқа банктен несие алуға барған кезде оның есімі қара тізімде екені көрініп тұрады. Бұрын бүлінген несие тарихының қайтадан жақсаруына 10 жылдай уақыт кететін. Бірақ осы уақыт ішінде адам уақытында төлемей банктің пайызы қосылып кеткен несиесін толық жапса, өзге банктерден несие ала алады.
Соңғы жылдары пайызы өсіп кеткен, уақыты төленбеген несиесін толық өтесе, араға 5 жыл салып, жаңа несие рәсімдеуіне және банк тарапынан «несие мақұлданды» деген жауап алуына болады.
Қазір қала тұрғындары көп несие алып жатқан жоқ.. Бұл бірінші кезекте елімізді жайлаған коронавирус пандемиясымен байланысты болса керек. Карантин режимінде көпшілік жұмыссыз қалды. Жұмысы жоқ адам несие алмайды ғой.
Сонымен қатар жұқпалы індет белең алған кездері күнделікті табысынан айрылған жандар, банктерге несиесін төлеуді уақытша тоқтата тұруына өтініш жазды. Осыған байланысты банк қазір бәріне бірдей несиеге рұқсат ете бермейді. Көбінесе банк тарапынан «жоқ» деген жауап келіп жатады, – дейді Қостанай қаласындағы Евразия банкінің филиалының аға қаржы кеңесшісі Людмила Губенко.
Несие алған адамның ұйқысынан тыныштық кетеді. Тұрғындардың несие алмай, тауып отырған айлығы толық қажетіне жетіп отырғанға не жетсін.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Сурет ашық ақпараттар көзінен алынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77