Социум

Көмекке зәру жандарға қайырымдылық жасалуда

Өңірімізде аз қамтылған отбасыларға азық-түлік үлестіру шара ұйымдастырылып тұрады

Қостанай облыстық мешітінің жанындағы Қайырымдылық және Зекет қорының жұмысы өткен маусым айында да жалғасын тауып, қаншама көмекке мұқтаж отбасылар мен азаматтардың үлкен алғысына бөленді.

Мәселен, өңір бойынша 430 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, қолдауға зәру жерлестерімізге азық-түлік үлестірілді. Әрине, олардың жүздерінен қуаныш нышандарын көргенде мешіт және қор қызметкерлері өздерінің игі жұмыстарының нәтижелерін айқын сезінді.

Қайырымдылық мақсатына облыс бойынша 3 млн 460 мың 879 теңге жұмсалды. Әрине, әдеттегідей жүрегі жомарт жандар, яғни кәсіпкерлер өздерінің көмекке мұқтаж жандардың өміріне бейжай қарай алмайтындықтарын танытты. Оларға әрдайым Алланың нұры жауа берсін!

Облыстық мешіттің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам алдағы уақытта қор жұмысын мүмкіндіктері келгенше жандандыра беретіндігін айтты.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77