Онда қала тұрғындарына Мемлекет басшысының Жолдауын толық түсіндіретін насихаттау тобын құру жайында тапсырма берілді
Бүгін қала әкімі Қайрат Ахметовтың қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» деп аталған Жолдауын талқылауға арналған жиын болып өтті.
Мұнда қалалық бөлім басшылары, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиын барысында қала әкімі Қайрат Ахметов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының барлық бағыттарына тоқталып өтті.
-Мемлекет басшысы бұл Жолдауында өзекті мәселелерді басшылыққа алғанының куәсі болып отырмыз. Осы маңызды құжатта жастар, тұрғын үй, жалақы, шағын және орта бизнес, білім, мемлекеттік тілдің қолданылу аясы сынды басқа да мыңызды мәселелер бірінші орынға қойылған. Жолдаудың басты мақсаты – халықтың хал-ақуалын жақсарту, – деп атап өтті қала әкімі.
Мемлекет басшысының Жолдауын тылқылау барысында, шыған және орта бинес өкілдеріне мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектер жайында «Диами» ЖШС директоры Гүлмира Дамбулова баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік тапсырысты орындай отыра жеке кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің жұмысы өрге жүзіп тұрғанын тілге тиек етті. Сонымен қатар аталмыш бағдарламаны пайдалана отырып, төменгі пайызда несие немесе 5 млн теңге көлемінде мемлекеттік грантқа ие болу мүмкіндігіне тоқталды.
Жолдауды талқылау барысында, қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оразалы Жақсанов сөз алып, Жолдауда көрсетілген басым бағыттарға тоқтала келе, өңірімізде белең алып тұрған жұқпалы дертке қарсы екпе алудың маңыздылығы жайыфнда айтып өтті. Көпшілікті дер кезінде екпе алып, өзінің және туған-туытарының өмірі үшін күресуге шақырды.
Сондай-ақ Жолдауда көтерілген басты мәселенің бірі мемлекеттік тіл жайында облыстық «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығының методисі Алтын Ташмағамбетова баяндама жасады. Ол өз кезегінде қазақ тілді жетік білудің қаншалықты тиімді екеніне тоқталды. Осы ретте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілін білімнің, ғылымның, мәдениеттің тілі ретінде толық қалыптастыруды үкіметке тапсырып отырғанын айта келе, мемлекеттік тілді еркін меңгерген еліміздің әр тұрғынының алдында үлкен мүмкіндіктер ашылатынын жеткізді. Тіл жойылса, ұлт та жойылатынын мысалға келтіріп, көпшілікті қазақ тілінің мәртебесін бірге көтеруге шақырды.
Бөлім басшыларының баяндамасынан кейін қала әкімі Жолдауда айтылған барлық бағыттар бойынша өңірімізде нақты жұмыстар жүргізілуі керектігін қадап айтты. Сондай-ақ орынбасары Саят Шаумуруновқа Мемлекет басшысының Жолдауын қала тұрғындарына толық әрі түсінікті жеткізетін насихаттау тобын құрып, тиісті жұмыстар атқаруды тапсырды. Насихаттау тобының құрамына қалалық мәслихат депутаттары, жеке кәсіп иелері, қалалық қоғамдық кеңестің мүшелері, әр сала бойынша мамандар және БАҚ-ның өкілдері кіретін болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77