Образование

Кітапханада «СөйлеТайм» клубының кезекті отырысы өтті

Онда клуб мүшелері тіл үйренуге ерекше ынта танытты

Н.Островский атындағы орталық қалалық кітапханасында кітапхана ішінен ашылған «Сөйле Тайм» клубының кезекті отырысы өтті. Кітапхана қызметкерлері сабақтың қызықты, әсерлі өтуін ойластырып, сабаққа қатысушыларды топқа бөліп жұмбақ, ребус шештіріп, жалыңтпаш айтқызып, виктариналық сұрақтар қойып, өлеңдер оқытты.

Клуб мүшелері адамды жаңылдыратындай қызықты жаңылтпаштарды тілдерін сындырып, әдемі айтуға тырысты. Қастысушылардың «Қолданып көр» бөліміндегі «Қазақстан» сөзінен отызға жуық сөйлем құрағандары  қызықты болды. Клуб мүшелерінің сабаққа өте белсенді қатысқандарынан тіл білуге деген ынталары білініп-ақ тұрды.

– Клуб мүшелері қазақ тілін үйренуге бар ынта-шынтасымен кіріскенін байқап қуанып қалдым. Олар өздеріне арналған тіл үйрететін көрнекіліктерді дұрыс пайдаланып, ойларын мемлекеттік тілде еркін жеткізе білуді басты мақсат етіп отыр. Ал біз өз тарапымыздан қазақ тілін үйрететін сабақтарды қызықты да тартымды өткізуге барымызды салып отырмыз. Кітапханада қазақ тілін үйрететін клубтың жұмысы алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады, – дейді кітапханашы Ботакөз Дүйсебаева.

Әрине, ең бастысы білсем, үйренсем деген ниет болса болғаны.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77