Социум

Нарық: Қымбатшылық қайда апарып соғады?

Жергілікті халық ет қымбаттаған соң ет жеуді қойған ба?

Күн суытып, алғашқы қар да жауып үлгірді. Далада аппақ болып қар жатпасада, ызғары ауада қалғандай. Дәл осы уақытта қазанға ет салып, сорпа ішіп отырсам ғой дейтін қазақ үшін, ет өнімінің бағасы қол жетімсіз болып кеткендей. Күн санап көтеріліп жатқан бағада тұрақтылық жоқ. Дорбаларын сүйретін еттің бағасын сұрап, сатып алсам қалтам жұқарып қалады, алмасам ет жемегелі көп болды деген ойдың жетегінде жүрген жандардың қарасы «Орталық базарда» көп-ақ.

«Орталық базарда» бұрын қатар-қатар еттің бәленбай түрі тұрушы еді. Ол кезде таңдау көп, сапа жоғары сияқты-тын. Осы мақаланы жазу мақсатымен еттің бағасына бағам жасайық деп ет сататын сауда орталыққа барғанымызда, ет сататын орынның азайып қалғанын байқадық. Мүмкін түсауа барған соң шығар, сатушылардың көпшілігі еттерін толық өткізіп кеткен болар деп іштей пайымдадық.

Бірақ олай емес екен. Бұл жайында «Орталық базарда» көп жылдар қатарынан ет сатумен айналысып келе жатқан Ақгүл Жоламанова:

-Базарда бүгіндері ет аз. Еліміздегі пандемияға дейін жағдай мүлдем өзгеше болатын. Осы сауда орталықтың іші етке лық толы еді. Саудагерлер тіпті орын таба алмай жүретін. Қазір ет сататындардың саны азайған. Өзім етті жақын аудандардан келіп мал сататындардан аламын. Өкінішке орай, мал сататындардың да қарасы сиреп барады. Сондықтан еттің баға қымбат. Оны жасырмаймын. Өйткені, ет тапшы.

Сонымен қатар қазір сауда жоқ. Ет сатып алушылар өте аз. Тек бағасын сұрап кетіп қалады. Базарға адам аз келеді. Пандемия кезінде сауданың сәні кетіп қалды. Көпшілік жұмыссыз отырып қалды. Айлап, сауда орталығы жабық болған кездері бізде үйде отырдық. Міне, енді сауда жасауға мүмкіндік туған кезде, қала тұрғындарының ет алатын жағдайы болмай отыр. Оны да байқаймыз. Бір сөзбен айтқанда сауда жүріңкіремей тұр, – деді.

Бұл да мүмкін. Осы арада, ет сатып алып жатқан жандардың қарасы көп емес екенін де байқадық.

Бұған не себеп? Ет тағамның ішіндегі ең құнарлысы. Дәріханада сатылатын толып жатқан дәрумендердің барлығы дерлік еттің құрамынан табылады. Тоқсан тоғыз дәрумен алып ішкенше, тоғыз келі ет алып, асып жеген тиімдірек болса керек. Бірақ халықтың ет тағамын тұтынбауының астарында, бағаның айтарлықтай жоғары болуы жатса керек.

Енді «Орталық базардағы» ет бағасына тоқталсақ.

Сиыл етінің келісін еттілігіне, майлылығына, жасына байланысты әртүрлі. Бағасы 2500-2700, ал жылқының еті 2000-2900 теңге аралығында. Тек жылқы етінен жасалатын шұжықтың келісі 2500 теңгеден екен. Баға жоғары. Қала тұрғындарының қалтасы мұндай қымбат етті көтере бермейді. Сондықтан туралған ет алып, мәнті, тұшпара жасайды.

Осы ретте біз сияқты базардағы еттің бағасын пайымдап жүрген Айнұр Ғалымды сөзге тартқанымызда, ол:

-Менің ойымша ет қымбат. Баға пандемия кезінде тіпті көтеріліп кеткен секілді. Сонымен қатар басқа азық-түліктің бағасы да күннен-күнге қымбаттап барады. Ертең баламның туған күні. Соған бір асым ет іздеп келген едім. Бағасын көріп шошып тұрмын. Өте қымбат сияқты, – деді.

Міне, қазіргі қала хылқының қал-жағдайы осы. Базарының бағасы да осылай. Тапқан айлығын бір айдан екінші айға әрең жеткізіп жүрген зейнеткерлер мен қарапайым жұмыскерлердің аз қаражатын өзінше үнемдейтіні бесенеден белгілі. Азық-түліктің себепсіз қымбаттауы, халықтың шарасыздығына әкеліп соғатыны, оның арты қалай болатыны үлкен күмән тудырады.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77