Қойылым соңында балғындар жыртқыш аңдардың шайқасын бір-біріне көрсетіп, алған әсерлерімен бөлісті
І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрында бүлдіршіндерге арналған Редьярд Киплингтің «Маугли» ертегісі қойылды. Ертегінің қоюшы режиссер Аружан Қайырбекова. Балетмейстері Айзат Мейрамбекова.
Бұл жолы театрға қаламыздағы «Антошка» бала бақшасының бүлдіршіндері келді. Орыс тілді бала бақша тәрбиеленушілері үшін қойылымның синхрон-аудармасы ұсынылды.
Джунглиде өскен адам баласын көкбөрілер үйіріне алып, қамқорлық танытады. Олар үйірімен Джунглиде адам баласы болмауы керек, оның жүрген жері өрт деп түсінген, Мауглиді жеп қоюды мақсат еткен азулы аң Шер-ханның тырнағынан көкбөрілер бірнеше аман алық қалады. Кішкентайынан аңдардың арасында өскен Маугли багира, балу, ата бөрі, ана бөрілердің жанында жүреді. Балу оған Джунглидің заңын, жыртқыш аңдардан сақтанудың жолын үйретеді.
Аң кейпіне енген әрістер кішкентай балаларға ерекше әсер қалдырды.
Мауглидің кішкентай кезін сомдаған қаламыздағы №24 мектеп-гимназияның 3 сынып оқушысы Әліжан Бекті сөзге тартқанымызда, ол:
-Театрда бұл қаойылымның көрсетіліп келе жатқанына 4 жылдың шамасы болды. Осы уақыт бойы мен Маугидің бала кезін ойнап жүрмін. Бойымда әртістік қасиеті болуы керек, алғаш маған осы рөлді сомдап көрші дегенде, жасаған қимылдарын қоюшы режиссердің көңілінен шықты. Содан бері осы рөлде ойнап келемін. Оның сыртында театрымызда сахналанған «Қазақтар», «Қаламгер» қойылымдарында да өнер көрсеттім. Маған спектакльде ойнаған қатты ұнайды, – деді.
«Маугли» ертегісінде Мауглидің есейгендегі образын Жәнібек Иман, багираны Нәзира Иман, балудың рөлін Аслан Кенжетай, шер-ханды Қуаныш Маратұлы, ата бөріні Ерхан Барақов, ана бөріні Қымбат Әуезханова, акеланы Олжас Бекайдаров, табакиді Төленді Әлқожа, қасқыр Азамат Күшікбай және бөлтіріктерді Ғабит Қызыров, Зәуре Сүндет, Асқар Төрениязов, Айдана Мәжитқызы, Диана Тұрсынова, Әсем Ищановалар сомдады.
Қойылым балғындардың көңілінен шықты. Олар ертегідегі жыртқыш аңдардың шайқасын бір-біріне көрсетіп, алған әсерлерімен бөлісіп жатты.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Әбіл ДОСЖАНОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77