Біздің Қостанай

Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

Жерлестеріміз Тұңғыш Президентімізбен кездескен сәттерін еске алды

Елімізде 2011 жылғы 10 желтоқсанда Парламент сенатының толық отырысында «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» заңына толықтырулар енгізу туралы» заңнамасына қол қойылды.

Осы заңнамаға орай, жыл сайын Қазақстан халқы 1 желтоқсан мемлекеттік мерекеге орай демалады және Тұңғыш Президент күні тойланады.

Кеңес одағының құрамында тілін, дінін танымай орысша ойлап, болашағы бұлыңғыр болған халықпыз. Бір кездері қазақ қазақша сөйлеуден қорыққан ұлт. Ол жасырын емес.  «Қалың елім, қазағымқайран жұртым, Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың» деген өлең жолдарын жазып, ұлтының қамын жеген Ахмет Байтұрсынұлының жарының ұлтының орыс болуының да астарында үлкен саясат жатса керек. Ұлтының  орыс бұғауынан босап, тәуелсіз жеке дербес ел, ұлт атануын аңсаған «Алаш» ардақтысы атылу жазасына кесілді.

Ұлтының намысын қорғаған тілін, дінін қолдаған азаматтарымыз күнәсіз айдауда болып, абақтыға жабылды. Осының бәрі қазақ ұлтының басында азаттықтың болмағанынан орын  алды емес пе.

Ал 1991 жылдың 16 желтоқсанының ақ таңы өзгеше атты. Бұл күні қазақ тәуелсіз, азат ұлт болып оянды. Міне, осы күннен бері 30  жыл көзі ашып-жұмғанша өте шығыпты.

Әрине, сол кездері Тәуелсіз елдің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстаған еді. Ол халқын өзіне сенуге шақырды. Қазақстанның айы оңынан туып, қарыштап дамып, әлем елдерімен терезесі тең болып отыратын кездің жетеріне сендірді.

Азыт елдің басшысына халқы үлкен сенім артты. Барынша қолдады. Бір сөзбен айтқанда «Ері елін сүйді, елі ерін сүйді».

Тәуелсіз Қазақстан тәй тәй басып бірінші кезекте экономикасын дамытуды көздеді. Кеңес одағының саясаты бойынша қазақ жері ешқандай өнер кәсіп тұрғызылмаған еді. Ештеңе өңдірілмеген еді. Жергілікті халық тек мал шаруашылығымен көнелткен болатын.

Міне, елімізде кенжелеп қалған осы бағытты дамытуды қолға алған Тұңғыш Президентіміз елде өндіріс орындарын ашуды бірінші орынға қойды. Бұл жұмыс та өз кезегімен жемісін бере бастады.

Қостанай жерінде әлемнің 15 еліне тарайтын тәтті кәмпиттер өндіретін «Баян Сұлу» фабрикасының жұмысы жылдан-жылға қарқын алып келе жатқаны бергілі.

Бүгінде Тимур Садықов басқаратын ірі өндіріс орнының өнімі үлкен сұранысқа ие. Оның да өзіндік себебі бар. Өйткені, «Баян Сұлу» фабрикасының кәмпиттері таза шикізаттан жасалады. Құрамына ешқандай асанды, адам денсаулығына зиянды қосымшалар енбеген сапалы өнім көпшілікті сүйікті тәттісіне айналған.

Бұл өндіріс орнын біз бекерден бекер сөз етіп отырған жоқпыз. Елбасының оң бағасын алған өндіріс орындарының бірі.

Осы мақаланы жазу барысында Тұңғыш Президентпен жүздескен, ол кісінің батасын алған бір топ өңіріміздің тұрғындарымен жолығып, пікірлерін білген болатынбыз.

Солардың ішінде «Баян Сұлу» фабрикасының президенті Тимур Мейрханұлы да бар.

-Мен Елбасымен 2016 жылы фабрикамызда «Бисквит» цехының ашылу салтанатында жүздескен едім. Бұл кездесуге үлкен дайындық жүргізілді. Ол кісінің келетінін 2 ай бұрын біліп, сол уақыт ішінде дайындық жүрді. Бұл көрме-жәрмеңке ретінде өтті. Оған мен сияқты басқа да кәсіпорындардың басшылары қатысты. Атап айтсам, «СарыарқаАвтоПром», «Жас қанат», «Арасан» сынды кәсіпорындарының басшылары келді. Осы кәсіп иелері Елбасы келетін жәрмеңкеге өздерінің өнімдерін қойып, таныстырды. Мен де жаңадан ашылып жатқан «Бисквит» цехы жайында баяндамамды дайындадым.

Осы кездесуге дайындық үстінде бір қызық жағдай орын алды. Елбасымен жүздесуді ұйымдастырып жатқан кісілер менің ол кісімен қай тілде амандасатынымды сұрады. Мен бірден қазақ тілінде амандасамын дедім. Содан кейін баяндамаңды қай тілде жасайсың деп сұрады. Баяндаманы орысша оқитынымды айттым. Осыдан кейін олар маған баяндаманы орысша оқысаң, орыс тілінде амандасуың керек деді. Мен жоқ қазақша амандасамын деп айтқанымнан қайтпай тұрып алдым. Ол кезде менің баяндаманы орыс тілінде оқуымның өзіндік себебі болды. Өндіріс терминдерін қазақшаға аудару мүмкін емес. Онда кездесетін кейбір терминдер әлі қазақ тіліне аударылмаған. Егер мен қазақша баяндама жасасам Елбасы мені түсінбей қалатын еді.

Кездесу мен ойлағаннан өзгеше өтті. Елбасын көргенде қатты толқыдым. Бірақ ол кісінің жеңіл ауырасын сездім. Бойымда еш қорқыныш болған жоқ. Менен қай жерде оқығанымды, қайда туғанымды, Қостанай жеріне қалай келгенімді сұрады. Осындай қарапайым сұрақтар қойып, екеуіміз әңгімелестік. Мен ол кісінің өте қарапайым адам екенін байқадым. Сұрақтарына кідірмей жауап бердім.

Сол кездесуде ол кісі  фабрикамыздың жұмысы жандана түссін деген батасын берді. Содан бері өндіріс орны гүнденбесе тоқыраған емес. Тіпті екі жыл қатарынан басымыздан өткеріп жатқан карантин уақытында да аса қиыншылық көрген емеспіз. Жұмыскерлерді қысқарту орын алған жоқ. Керісінше, жұмыс іздеп келгендерді құшақ жая қарсы алып жатырмыз. Елбасының қадамы оң болып, өндірісіміз өркендей түсті,-дейді ол сол бір Елбасымен кездескен шағын ыстық ықыласпен еске алып.

Елбасы өңірімізге елеулі оқиғалар себеп болған кездері ғана атбасын бұратыны белгілі. Осы ретте Ел ағасымен жолығып, сөйлесу бақытына ие болған өнердің қара шаңырағы І.Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының еңбек сіңірген  әртісі Қонысбек Бекайдаровтың да пікірін білген болатынбыз.

-Тұғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлымен осыдан 20 жыл бұрын театрымыздың жаңа ғимаратының ашылу салтанатында жүздескен болатынмын. Ол кісіні барлық әртістер қуымы асыға күттік. Арнайы дайындық жұмыстары да жүргізілді.

Елбасы келген күні театрымызда «Хан Кене» қойылымының дайындығы жүріп жатыр еді. Мен бұл спектакльде Хан Кененің рөлін сомдайтынмын. Сөйтіп, Елбасы театрдың ішін аралап, дайындық жасап жатқан бізге келді. Залға кіріп орындақтардың біріне жайғасты. Сөйтіп менен бір монолог оқып беруімді сұрады. Мен сол қойылымнан монолог оқыдым. Өнерімді тамашалап, қызметімен табыс тіледі.

Ерекше әсер алдым. Көз қарасы жылы, көңілі ашық, қалпы қарапайым. Сол кездесу әлі есімде. Ол кісінің көрегенділігін, саясаттағы асқан білгірлігін жоғары бағалаймын,-дейді.

Келеші айқын елдің білім саласы барынша дами түсуі керек. Білімді жас – еліміздің жарқын келешгі деп білетін Елбасы қашанда білімді ұрпақ тәрбиелеуге жете назар аударып келеді. Осы ретте ол 2007 жылы қаламызда той көтерген №10-шы қазақ мектебінің ашылу салтанатына қатысқаны белгілі. Сол кездері аталмыш мектепті басшылық қызмет атқарған Рамазан Елеусізұлына да Тұңғыш Президентпен жүздесудің орайы түскен еді.

-Елбасымен кездескен күнім сол қалпында әлі есімде. Бұл жүздесуге қатты дайындалдық. Жаңадан салынған мектептің ішін аралайды деген  естіп, күнде тазалық жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп 2007 жылдың 14 қыркүйегінде Тұңғыш Президентіміз мектебіміздің табалдырығын аттады.

Біздің мектеп барлық жағдайы жасалған тіпті бассейнге дейін салынған сол кездегі жаңа үлгідегі ғимарат болды. Ол уақытта облыс әкімі Сергей Кулагин болатын. Ол маған Елбасы сенің мектебіңе келеді. Сол жерден қандай ой түйеді, сол ойман қайтадан аттанады. Біздің мақтанып көрсететін басты ғимаратымыз осы мектеп деді. Осы сөздерден кейін менің бойымда толқулар пайда болды. Ішімнен Елбасына бір нәрсе ұнамай қалса не істеймін деген қорқыныш та болды.

Сөйтіп, ол кісіге басқа мектептерде жоқ бассейнімізді көрсеттік. Сол арада маған «бассейндегі судың температурасы қалай» деп сұрады. Мен оны білмейді екенмін. Не деп жауап беретінімді білмей қалдым. Сол кезде ол өзі суға қолын салып, температураны өзі байқады. Осы кезде мен оның қарапайым да кеңпейілді жан екенін ттүсіндім.

Кейін менен жұмысым жайында, қай жерде оқығанымды сұрады. Сұрақтарына жауап беріп, сөйлесіп кеттім. Кездесуге жиналған оқушылармен, ұстаздармен тілдесті. Оларға сәттілік түледі.

Бір сөзбен айтқанда бұл кездесу маған ерекше әсер қалдырды. Елбасының жеңіл  аурасын сездім. Тұңғыш Президентпен жүздескен мұғалімдер мен оқушылардың да қуанышында шек болмады,-деп еске алды.

Елбасы еліміздің мемлекеттік тілін де ешқашан назардан тыс қалдырған емес. Қазақ тіліне мемлекеттік тіл деп мәртебе беріп, ана тілімізді еркін меңгерген өзге ұлт өкілдеріне ерекше ықылас танытып келеді. Осы ретте Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті сессиясында Қостанай өңірінен барған қазақ тілін жетік меңгерген Наталья Рамазанованың тілінің шеберлігіне тәнті болған еді. Бұл жайында Натальяның өзі былай дейді.

  • Бұл кездесуге ұзақ уақыт дайындалдық. 20016 жылы Астана қаласында өткен Қазақстан халқы ассамблясының кезекті сессиясында Елбасының алдында өңірімізде бастау алып, бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде жүзеге асырылып жатқан  «Мың бала» жобасы жайында баяндама жасадым. Сондай-ақ бойымдағы патриоттық қасиетті көрсете білдім. Қазақстанды сүйетінімді, Отанымды мақтан ететінімді, қазақ  тілін еркін білетінімді дәлелдедім. Сондай-ақ алдағы уақытта үлкен қазақ отбасына келін болып, қазақ ұлтының санын арттыруға үлес қосатынымды жеткіздім. Бұл жакңалығымды ол кісі үлкен қуанышпен қабылдады.

Менің сөзімнің арасында бұл қуанышты жағдайды көп сөзбай осы ассамбля сессиясында жасау керек еді деген ойын жеткізген болатын. Мен ол жерде Елбасының қарапайым жан екенін байқадым. Кездесу барысында ешқандай толқу болмады. Ойымды түсінікті, анық жеткізуге тырыстым.

Сондай-ақ бір елді басқара отырып, өзінің қарапайым отбасынан шыққан қарапайым еңбекқор жан екеніне көзім жетті. Ел басқарып отырсада бойына туа біткен қарапайымдылығын жоғалтпағанына қайран қалдым,-дейді ол.

Бүгінде әлем мойындаған Қазақстан деген егемен елге Елбасының сіңірген еңбегі өлшеусіз болса керек.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77