Социум

Қостанай қаласында қайырымдылық шаралары жалғасын табуда

«Қайырымдылық және Зекет қорының» мұрындық болуымен   90 адамға азық-түлік таратылды

Қостанай облыстық мешітінің найб имамы Бақытжан қажы Икрам жетекшілік ететін «Қайырымдылық және Зекет қоры»  өткен қараша айында талмай жұмыс істеп, өңірде қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетті.

Осы арада сөзіміз нақты болу үшін  деректер мен дәйектерге сүйенелік. Мәселен, осы айда аймақ бойынша 90 адамға азық-түлік таратылды. Бұл мақсатқа  1 миллион 810 теңге  жұмсалды.

-«Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, көмекке зәру жандарға азық-түлікпен көмектесуімізге  демеушілік жасаған жандарға алғысымыз шексіз. Өңіріміздегі жүрегі жомарт жандардың барлығына қуаныштымыз,-дейді «Қайырымдылық және Зекет қорының» жетекшісі Бақытжан қажы Икрам.

Мешіт тарапынан аз қамтылған отбасыларына қажетті көмек түрлерінің көрсетіліп келе жатқанына бәріміз куә болып отырмыз. Алла разылығы үшін жомарт жандардың жасаған демеушіліктері көптеген жандарға қуаныш сыйлап жүр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77