Правопорядок Социум

#Күшімізбірлікте: Тәртіп сақшыларына ыстық бауырсақ таратты

Қала орталығындағы блок бекеттерін күзетіп тұрған полиция қызметкерлеріне қамқорлық көрсетілді

Өңірімізде жарияланған Төтенше жағдайға байланысты облыстық әкімдіктің алдына Блок бекеттер қойылып, оны полиция қызметкерлері үздіксіз күзетіп тұрғаны белгілі.

Осы ретте қаңтардың қытымыр аязында күні-түні кезекшілікте тұрған тәртіп сақшыларының жұмысын аймақ халқы ерлікке балайтындарын жеткізді.
Тобыл қаласындағы Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйінің ұжымы мемлекетімізде орын алған жағдайға байланысты «Біз сенімен біргеміз, туған Қазақстан!» деп аталатын акциясын қолға алған. Еліміздегі бірлікті күшейту мақсатында сан түрлі шаралар өткізіп, ондағы үйірмелерге қатысатын балалардың бойына еліне деген сүйіспеншілік орнатып, олардың туған өлкеге деген махаббаты бейнеленген бейне жазбалар жасап, суреттер салып әкелуін тапсырған.

Сондай-ақ осынау ұжым аязды күнде қала орталығындағы блок бекетті күзетіп тұрған полиция қызметкерлеріне қамқорлық таныту мақсатында ыстық бауырсақ пісіріп, апарып берді. Дәмді бауырсақты тәртіп сақшылары үлкен қуанышпен қабыл алды.

-Бүгінде тәртіп сақшыларының жұмысы барынша күшейе түскен. Халық тыныштығы үшін аянбай еңбек етуде. Біздің мемлекетіміз көптеген қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткерді. Бұл жағдайдан да күш біріктіріп, аман шығатынымызға сенімдіміз. Күшіміз бірлікте екенін ұмытпағанымыз жөн. Осындай сындарлы сағаттарда бір-бірімізге қолдау көрсетіп, жылылық сыйлай білсек, біз жеңбейтін қиындық жоқ. Міне, бүгін біз ұжым болып, өзіміз пісірген дәмді де, ыстық бауырсақты тәртіп сақшыларына ұсынуды жөн көрдік, – дейді Қостанай ауданының балалар шығармашылық үйінің педагогы Махаббат Зотова.

Әрине, «бірге көтерген жүк жеңіл» демекші, қандай қиын заман болса да басмыздан бірлік кетпесін.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77