Образование Экономика

Маңызды мәселе: Субсидия – игілікке қолданылса

Ауылшаруашылық саласына мемлекеттік жәрдемақы беру жұмыстары бастау алды

Өңірімізде жылма жыл ауылшаруашылық саласы үкіметтік және жергілікті бюджеттен толық қаржыландырылып отырылады.
Мемлекеттік бюджет есебінен заңды және жеке тұлғалардың кәсібіне ақшалай нысандағы біржолғы жәрдемақы алуы қызметі облысымызда бірқалыпты жүріп жатыр.

Өткен және үстіміздегі жылы ауылшаруашылық саласының субсидиялық қаржыландырылуы жайында толық мәлімет алу мақсатында Қостанай облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасының субсидиялау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Қабделовқа арнайы жолыққан болатынбыз.

Қостанай өңірінде ауылшаруашылық саласы барынша дамыған. Бізде бидай егетін алқаптар да мал өсіріп отырған жеке кәсіптер де жеткілікті. Жалпы, Қостанай облысында ауылшаруашылығының 11 бағыты мемлекеттік жәрдемақы алады. Өткен жылы ауылшаруашылық саласы 42 млрд 559 млн теңгеге субсидиянған. Толық игеріліп, қажетті бағыттарға бөлінген. Бұл қаражаттың 12,5 млрд теңгесі өсімдік өсіру бағытына жұмсалған. Оның ішінде 6,3 млрд теңге пестицидтер сатып алуға жұмсалса, 3,5 млрд минералды тыңайтқыштарды алуға жөнелтілген. Сондай элиталық және репродукциялық тұқым түрлерін сатып алуға 2,8, млрд теңге бөлінген.
Осы жерде атап өтетін жағдай элиталық яғни бұрын соңды егілмеген тұқыммен бір рет және 3 рет егілген тұқымды пайдаланған жағдайда субсидия толық төленеді. Ал егіншілікті қолға алған кәсіпкерлер егер тұқымның 4-5 рет егілген түрі қолданылатын болса, субсидия ала алмайды. Тек элиталық және репродукциялық тұқым түрлері ғана субсидияланады.

Өсімдік бағыты бойынша бөлінген қаражаттың 11,1 млрд инвестициялық субсидияға бөлінген. Бұл сала бойынша бөлінген қаражат инвестициялық жобаларға, агрегаттарға, ауылшаруашылық техникаларын сатып алуға жұмсалған.

Ал мал шаруашылығы бағыты бойынша бөлінген қаражаттың 1-9 млрд теңгесі былтырғы жылы орын алған құрғақшылықтан шығу мақсатында жұмсалған. Атап айтатын болсақ, бұл қаражат мал азығын арзандату мақсатын қамтыған. Ал басқа қаражат сүт, ет, жұмыртқа өнімдерінің айналымына пайдаланылған.

Қазіргі таңда өңіріміздегі ауылшаруашылық саласын субсидиялауға барлығы 27 млрд 830 млн теңге бөлініп отыр. Бұл қаражаттың 7,5 млрд теңгесін мал шаруашылығы бағытына жұмсау көзделіп отыр. Сондай-ақ 9 млрд 900 млн теңгесі өсімдіктер бағытына, 10,2 млрд теңгені басқа бағыттарға жұмсау жоспарланып отыр.
Өсімдік бағытына бөлінген қаражаттың 4,7 млрд теңгесі пестицидтер сатып алуға жаратылатын болса, 3 млрд теңгесіне минералды тыңайтқыштап сатып алу көзделіп отыр. Сонымен қатар 1,7 млрд теңге тұқым сатып алуға жұмсалатын болады. Осы ретте биылғы жылы 500 млн теңге майлы дақылдар мен қарақұмық өсіріп, оны өңдейтін мекемелерге берген жандарға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге жұмсалатын болады.
Сондай-ақ облыстық ауылшаруашылығы және жер қатынастары басқармасы Ауылшаруашылық министрлігінен 23 млрд теңге көлемінде қосымша қаржыландыру сұрып өтініш жіберген. Бұл қаражаттың 8,2 млрд теңгесін өсімдік бағытына жұмсау жоспарланып отыр.

Міне, бүгінде облысымызда ауылшаруашылығы саласына жыл сайынғы бөлінетін мемлекеттік жәрдемақының көрсеткіші осындай болып отыр.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77