Қала тұрғындары дер кезінде екпе қабылдаудың маңыздылығын түсінгендерін айтады
Қала тұрғындары жұқпалы дертпен екпе алу арқылы күресудің маңыздылығын жете ұққандай. Қауіпті дерт коронавирусқа қарсы екпе егіледі дегенде басында көңілдеріне қорқыныш ұялаған жұртшылық өз өмірін сақтау барысында екпенің екі компенентімен де егілген еді. Енді міне үшінші яғни ревакцинация науқаны да барынша жүріп жатқанының куәсі болып отырмыз.
Қостанай қаласының №1 емханасында үстіміздегі жылы ревакцинацияны 5 127 адам алған. Оның ішінде 201 адам Pfizer бұл екпе түрі медицина қызметкерлері мен жасы 60-тан асқан азаматтарға тегін егілген, 2 526 қала тұрғыны Vero Cell, ал 2 500 қостанайлықтар Qaz Vac ревакцинациясын қабылдаған.
-Ревакцинация қабылдаудан қорқып отырған адамдарды кездестірген жоқпыз. Керісінше қала тұрғындары өздері ревакцинация жасатуға ниет білдіріп, көп келіп жатыр. Жергілікті халықтың өз денсаулықтарын сақтау мақсатында дер кезінде жұқпалы дертке қарсы екпе алып жатқаны көңіл қуантады,-дейді аталмыш емхананың эпидемолог дәрігері Гүлсім Сасыкова.
Қалалық №1 емханаға ревакцинация алушылар жайында жазу мақсатында барған кезімізде ем-шара кабинетінде ревакцинация алып жатқан қала тұрғыны, зейнеткер Серік Акановты жолықтырып, сөзге тартқан болатынбыз.
-Жұқпалы дертке қарсы екпе алудың маңзыдылығы зор деп ойлаймын. Осыған дейін «Спутник-V» вакцинасының екі компонентін қабылдаған едім. Бірақ бүгін ревакцинация алуға келгенімде «Спутниктің» жоқ екенін біліп, оның орнына Қытайдың Vero Cell екпе түрін алдым.
Ревакцинация жасатудағы басты мақсатым – қауіпті дерттен сақтану. Сонымен қатар отбасымды, туған-туытарымды, жора-жолдастарымның денсаулығына қауіп төндірмеу. Коронавирус дерті жұқпалы болғандықтан кез-келген жаннан кез-келген уақытта вирус жұқтырып алуымыз мүмкін. Сондықтан әрдайым сақтанып жүру қажет. Өзім осы уақытқа дейін қатты ауырған емеспін. Әрине, бұған себеп біріншіден салауатты өмір салтын ұстанатыным және жұқпалы дертке қарсы екпе алуым болса керек. Сол себепті қала тұрғындарына денсаулықты күту керектігін айтқым келеді, – деп өз ойымен бөлісті.
Әрине ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген дұрыс. Сондықтан қазіргі жүргізіліп жатқан ревакцинацияның да өмірімізде алар орны маңызды екенін естен шығармайық.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Суретті түсірген Владислав ВЫСОЦКИЙ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77