Социум

«Қайырымды жұма» жобасы аясында игі істер бастау алды

Ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға қамқорлық жасалды

Қасиетті Ережеп айы Қостанай өңірінде ерекше шаралармен басталды. Қостанай қалалық әкімдігінің өмірдің қиындығында қалған балаларды қолдау орталығында түрлі себептермен ата-аналарынан қараусыз қалған 28 бала тіршілік кешіп жатыр.

Осы балдырғандарды қуанышқа бөлеу мақсатында Қостанай облыстық мешітінің қайырымдылық қоры мен жамағаты «Қайырымды Жұма» жобасы аясында дастархан жайып, балаларға сыйлық тапсырды.

Айта кетер жай, бұл игі іс-шара ақпан айының бірінші жұмасынан бастап қолға алынған болатын. Содан бері әр аптаның жұма күні жалғасын тауып келеді.

Алғашқы шара КСК ауданындағы «Пияла» кафесінде онан соң «Муслима» кафесінде жалғасын тауып балалардың жүзінде қуаныш ұялауына себепші бола білді.


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77