Алматы қаласында өткен білімділер сайысына кіл мықтылар жиналған
Елімізде «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасы Алматы қаласында ұйымдастырылған болатын. Дәстүр бойынша аталмыш олипиада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өтті.
Мұнда мемлекетіміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік математиктер күрделі және қызықты есептерді шешіп ғана қоймай, тәжірибе алмасу үшін жиналды. Бұл додадаға өңірімізден дарынды балаларға арналған «Білім-иновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушылары Жан Даутов пен Диас Исмаилов қатысып, бақ сынады.
-Мен үшін бұл ерекше тәжірибе болды. Дода барысында білімімді саралап, алдағы уақытта қандай тақырыпқа мән беруім керек екенін түсіндім. Кіл білімділер басқосқан жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын,-дейді «Білім-иновация» лицей-интернатының 9 сынып оқушысы Диас Исмаилов.
Өткен жылы Жан Даутов «Жібек жолы» олимпиадасында қола медальға ие болса, ал биыл олимпиада жеңімпазы атанды. Өзінің асқан білімімен көпшілікті таң қалдырды. Бұл бірінші кезекте Жанды білім додасына тыңғылықты дайындаған тәлімгері Дарын Сейдуалының ерен еңбегі болса керек.
-Әрине, халықаралық деңгейдегі додада жеңіпмаз атану оңай емес. Бірақ мен кіл білімділердің ішінен суырылып алға шықтым. Бұл бірінші кезекте тәлімгерім Дарын Жұмабекұлының еңбегінің жемісі. Өзім де математика пәнін ерекше жақсы көріп, бұрыннан ден қойған едім. Аталмыш білімділер жарысына дайындықты ерте бастап, тыңғылықты жүргіздік. Міне, соның нәтижесін көріп отырмыз. Қуанышымда шек жоқ. Болашақта да математика пәнін тереңдете оқып, өңіріміздің намысын қорғайтын боламын,-дейді «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасының жеңімпазы Жан Даутов.
Өңіріміздің математика пәнін тереңнен оқып, өздерінің білімдерін дәлелдей білген қос оқушы алдағы уақытта наурыз айының 14-45-де өтетін Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасында бақ сынайтын болады.
Аягөз КӘКІМЖАНОВА
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77