Образование

Оқушылар үшін «Мектеп медиациясы және халық дипломатиясы» жобасы аясында семинар тренинг өтті

Онда білікті маман оқушылар арасындағы қақтығыстарды шешу әдістері жайында пайдалы кеңестер берді

Қостанай облысы әкімдігінің қоғамдық даму басқармасының  «Қоғамдық келісім» КММ  ұйымдастыруымен Қостанай  қаласының №1 мектебінің  қабырғасында «Мектеп медиациясы және халық дипломатиясы» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация кеңесінің мүшесі – Гүлнара Латыпова медиацияның пайда болу тарихы, оның өзектілігі тақырыптары бойынша, оқушылар арасындағы қақтығыстарды шешу әдістері, мектеп этномедиациясы, Кибербуллинг – жайлы мектеп оқушыларымен семинар тренинг өткізді.

Кездесудің басты мақсаты – медиация институтын насихаттау, медиацияны практикада қолдану дағдыларын жетілдіру, білім беру кеңістігінде медиация институтын дамыту, жанжалдарды тиімді шешу дағдыларына және медиация негіздеріне оқыту, халық бірлігін нығайту, қоғамды бейбітшілік пен келісім саясаты төңірегінде топтастыру.

-Аталмыш   іс-шараның өскелең ұрпақ үшін маңызы зор. Қазіргі таңда  жасөспірімдер арасында  туындайтын   қақтығыстар, келеңсіз жайлар  ата –аналар үшін де  өзекті. Сондықтан осындай түсініспеушіліктердің алдын ала отырып, жасөспірімдердің өмірін сақтап қалу мүмкіндігі де зор. Оқушыларға арналған бұл семинар тренингтің мәні де осында жатса керек. Білікті маманнан пайдалы кеңес алған оқушылар шара барысында өздерін толғандырып жүрген сауалдарына да толық жауап алды,-дейді «Қоғамдық келісім» КММ қызметкері Әділ Дикетаев.

«Бірлігі жарасқан ел тозбайды» демекші, бір-бірімен тілтабысып, бір мақсатта, түсіністік пен сыйластықта ғұмыр кешкен халықтың бақытты болары анық.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77