Социум

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-патриоттық орталығында «Ерлікке жетелеген жол» кітабының тұсауы кесілді

Бұл еңбекте сала ардагерлері көп жылдық тәжірибелері мен  жауынгерлік бауырластық туралы бөліскен

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери-патриоттық орталығында «Ерлікке жетелеген жол» кітабының тұсау кесері өтті. ҰҚК Шекара қызметі басшылығының бастамасымен дайындалған басылым 8 жыл бойы тәжік-ауған шекарасында ТМД-ның оңтүстік шебін қорғау бойынша өз әскери борышын атқарған Қазақстанның жиынтық атқыштар батальонының әскери қазметшілеріне арналған.

Бұл кітап ардагерлер «қақтығыс нүктелерінде» жинақталған тәжірибелерімен бөлісіп, қызмет ауыртпалықтары, содырлармен шайқастар және жауынгерлік бауырластық туралы әңгімелейді. Басылым көпшілік оқырман үшін арналған.

1993 жылы маусым мен 2001 жылғы ақпан аралығында ТМД-ның оңтүстік шебін қорғауға Қазақстаннан он мыңнан артық жауынгер қатысты. Олар Қазақстанның алғашқы бітімгершілері болды. Кітап тұсаукесерін өткізу күні кездейсоқ таңдалған жоқ. Қазақстан тарихында қалған осы бір күні, 1995 жылғы 7 сәуірде қазақстандық жауынгерлер тәжік-ауған шекарасында қайтпас қайсарлық, батырлық пен ерлік тынтты.

Қазақстандық бітімгерлер содырлармен тең емес шайқасқа түсіп, онда ІІМ Ішкі әскерлерінің 7-ротасынан 17 әскери қызметші қаза тапты, 33 түрлі жарақат алды. 7 сәуір ҚР Ұлттық ұланды еске алу және ерлік күні болып саналады.

Салтанатты шара тәжік-ауған шекарасындағы ұрыста қаза тапқан 17 жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюдан басталды. ҚР Қарулы Күштерінің әскери-тарихи мұражайында көрме ұйымдастырылып, оған тәжік-ауған шекарасында ұрыс іс-қимылдарына қатысқан әскери қызметшілердің жеке заттары мен мұрағат құжаттары қойылды. Іс-шара шекара қызметі ансамблінің, ҚР Қарулы күштері ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық ансамблі мен Орталық әскери оркестрінің әртістері қатысқан концертпен аяқталды.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77