Социум

«PARASAT CUP-2022» республикалық дебат турнирі өтті

Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды Қарағандының жалынды жастары жеңіп алды

«Аманат» париясының Қостанай облыстық филиалының қаржыландыруымен «Парасат» дебат клубының ұйымдастыруымен «Балалар жылы: келешектің тұтқасы білімді ұрпақта» атты «PARASAT CUP-2022» республикалық дебат турнирі өтті.

Турнирге Ақтөбе, Орал, Павлодар, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Арқалық қалаларындағы 11 жоғары оқу орындарынан 15 дебат клубынан  32 команда 64 спикер қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша 1-ші орынды Қарағанды қаласының спикерлері  Арман Тұңғышбек пен Айсұлу Бисолтан  «Жүрегімді жаралама» фракциясы жеңіп алды. 2-ші орынды Павлодар қаласының құрамында Айсана Сахимзадинова мен Нұрхан Ералы сынды мықты спикерлері бар «1/2/2022» фракциясы иеленді. 3-ші орынға Ақтөбе және Орал қалаларынан келген талапты жастар жайғасты.

Аталмыш дебатта «Үздік спикер» Ислам Ғабдулхали (Алматы), «Үздік төреші» Нұрымжан Қайырғали (Қостанай), «Бас төреші» Оғабек Шамитдинов (Қостанай), «Үздік гид» Назгүл Керімбай (Қостанай), «Бас гид» Ерасыл Рашитұлы (Қостанай) болды.

-Дебат өте тартымды да қызықты өтті. Тың ойлар ортаға салынып, мәнді де мағыналы пікірлер айтылды. «Аманат» партиясы облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Наменұлына жалынды жастардың дамуына орасан зор үлес қосып, олардың бір арнада бас қосып, пікір алмастырып, білімдерін мен ойларын толықтыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз.

Бұл ойында жастар бір-бірімен тәжірибе алмасты. Білімдерін тексерді. Ойлау қабілеттерін саралады. Бұрын соңғы болмаған тың тақырыптарды көтерді. Бұл үлкен жетістіктердің бастауы. Алдағы уақытта да осындай тағылымы мол дебат ойындарын ұйымдастырып тұрудың маңыздылығының зор,-дейді «Парасат» дебат клубының президенті Оғабек Шамитдинов.

Жоғары деңгейде өткен дебат турнирінің барлық жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз. Талапты жастарымыздың әрдайым жолы ашық болып, тек сәттілік серік болсын.

Аягөз КӘКІМЖАНОВА


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77