Біздің Қостанай

Екпе егуден бас тартпайық

Өңірде баласына екпе егуден ат тонын ала қашатындардың қатары көбейіп барады

Казіргі таңда туберкулезге қарсы вакцина өндіруші Жапония елі «Japan BCG Laboratory», туберкулезге қарсы вакцина, БЦЖ вакцинасы өнімін қайтарып алуда.

Оның бірден-бір себебі орау барысында анықталғандай, вакцинада еріткіштен бөтен заттардың табылуы.
Мамандар БЦЖ вакцинасының вакцинаға тек өндіруші берген еріткішпен қоса езілетіндігін, басқа өндірушілердің еріткішімен алмастыруға жол берілмейтіндігін айтады.

Жалпы алғанда, өндіруші әлемнің көптеген елдері бойынша таратылған БЦЖ вакцинасының 33 сериясын қайтарып алып отыр. Олардың ішінен Қазақстанға 1620, 1628, 1637, 1649 және 1651 сынды 5 сериясы әкелінген болатын.
БЦЖ вакцинасының қазіргі таңда Қазақстанда бар барлық сериялары, өндіруші қайтарып алып отырған вакцина серияларының тізіміне кіріп отыр. Осыған байланысты, БЦЖ вакцинасын өндірушінің қайтарып алуының негізінде, осы вакцинаның республикада бар болып отырған бүкіл көлемін қолдану тоқтатыла тұратын болады. Демек, балаларды туберкулезге қарсы иммундау уақытша доғарыла тұрмақ.

– Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысы 19 жұқпалы ауруға қарсы вакциналау ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген Екпелер күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Балаларды иммундау үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сертификаттаған вакциналар сатып алынады. ДДСҰ-ның вакциналарды преквалификациялау бағдарламасы әлемдегі емшектегі балалардың үштен екі бөлігі алатын вакциналардың жоғары сапалы және қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді, бұған вакциналарды өндіру стандарттарын халықаралық деңгейде сақтаумен қол жеткізіледі, – деді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті Қостанай облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті РММ басшысының орынбасары Юрий Севастьянов.

Бекітілген Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес, туберкулезге қарсы вакциналауға 0-4 жаңа туылған нәрестелер, 6-7 жасар балалар мектепке барып, 1-сынып табалдырығын аттаған балаларға қыркүйек айында жүргізіледі.

– ДДСҰ-ның бағдарламасымен барлығы туберкулезге қарсы 4 вакцина преквалификацияланған. Олар Канада Интервакс 1991 жылғы преквалификация, Дания Statens 1987 – әдеби деректер бойынша, иммундағаннан кейін 4-ке дейін лимфадениттер түрінде қолайсыз білінулер тудырады, Жапония – «БЦЖ лаборатория» 1987, Үндістан – өндіруші вакцинасы әлемде кеңінен пайдаланылатын «SERUM institute of INDIA» 2003. Ағымдағы жылдың тамыз айында осы өндірушінің БЦЖ вакцинасы Қазақстан Республикасында тіркелді, вакцина өндірісін ДДСҰ преквалификациялаған және ҚР-да қолданыла алады, – деді Юрий Иванович.

Жыл сайын туберкулезге қарсы 11 мыңнан астам жаңа туған нәресте мен 6-7 жастағы 6 мыңнан астам бала вакцинацияланады. Туберкулезге қарсы вакцинация балалар арасында туберкулезді менингит және диссеминирленген туберкулез сияқты туберкулездің ауыр жағдайларының дамуы жолын бұғаттауға мүмкіндік берді.
Бұл деректер балаларды вакциналауды қоса алғанда, туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралардың тиімділігін растап отыр.

Соңғы 14 жылда Қазақстанда балаларды иммундау үшін Жапонияның өндірушісі шығарған БЦЖ вакцинасы табысты қолданылып келді.

Алайда, жапон өндірушісі ҚР Денсаулық сақтау министрлігін 35 елден вакциналардың 33 сериясын, ҚР-на 5 серия жеткізіліп отырған өнімін қайтарып алуы туралы хабардар етті.

Аталған шара Жапонияның фармакоқадағалауының қабылданған стандарттарына сәйкес келеді, осыған байланысты, Комитето вакциналардың осы серияларын нарықтан алып қою және вакциналауды тоқтата тұру туралы бұйрық шығарды.

Қалыптасқан жағдайды, яғни, Қазақстанға байланысты емес себептермен туберкулезге қарсы вакциналауды тоқтата тұруды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі қауіпсіз және тиімді вакцинамен қамтамасыз ету бойынша жан-жақты шараларды қолданып жатыр.

Қостанай облысы халықтың туберкулезге шалдығудың қауіпті аймақта орналасқан, дегенмен, денсаулық сақтау және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау органдарының бірлесіп жүргізген жұмысы туберкулезбен күресте белгілі бір табыстарға қол жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Мысалы, туберкулезбен ауру-сырқаулық соңғы 20 жыл ішінде 2,5 есеге дейін 100 мың тұрғынға 1998 жылғы 109,7 бастап, 2018 жылғы 42,9 дейін, өлім-жітім 15,3 есе 100 мың тұрғынға 1998 жылғы 38,4 бастап, 2018 жылғы 2,5 есеге дейін төмендегенін айтады.

– Алайда, соңғы жылдары қарсы профилактикалық егулер алудан бас тарту мәселесі әлі де болса өзекті болып қалып отыр. Вакциналаудан бас тартулар тек біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлемде де, соның ішінде дамыған елдерде де денсаулық сақтаудың көкейтесті мәселесі болып табылады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесіне жағдай бойынша, қарсы профилактикалық егулерден 16 мыңнан аса бас тарту, олардың ішінен а.ж. бірінші жарты жылдығында – 1373 бас тарту тіркелді 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 1316 бас тарту тіркелген.

Қазақстан Республикасында қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралардың жоспары жасалып, іске асырылып жатыр. Оған сәйкес өңірлерде халықпен вакциналаудың тиімділігі және қарсы профилактикалық егулерден бас тартулардың зардаптары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысы жөніндегі консультативтік топтар жұмыс істеуде. Ақпарат алаңдарында, ресми сайттарда, әлеуметтік желілерде иммунопрофилактиканың пайдасы туралы материалдар орналастырылуда, орталық және аймақтық телеарналарында иммунопрофилактика мәселесі бойынша баяндамалар жүргізіледі. Бас тартқандармен жеке әңгімелесу-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Түсіндіру жұмыстардың нәтижесінде екпеден бас тартқандардың ішінен 2018 жылы 3107 адам егілді, ал ағымдағы жылдың 1 жартыжылдығында – 1593 адам. Жұмыстар одан әрі жалғастырылады, – деді Юрий Севастьянов.

Сералы МЫРЗАБАЙ


Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Наш Костанай" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-776-000-66-77